бәдәуидің басынан кешкені
Әбу Саид (р.а.) айтады: «Бір бәдәуи Пайғам-
барымыздан
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
алған қарызын
қайтаруды сұрайды. Тіпті «Дереу қарызыңды төле» деп
кіжіне сөйлеп, әдепсіздік танытады. Сахабалар оған:
«Сен кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе? Қандай
адамсың сен?!» – деп ашуланады. Ол: «Мен өз ақымды
талап етіп тұрмын», – деп табандап тұрып алады. Сон-
да Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Сендер қайта
ақысын талап етушіні жақтауларың керек емес пе?» –
дейді. Сосын Хаула бинти Кайсқа: «Сенде құрма бол-
са, қарызға бере тұр, реті келгенде саған қайтарамыз»,
– деп хабар жібереді. Хаула: «Сенің жолыңда жаным
құрбан, құрма бар», – деп, сұрағанын беріп жібереді.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бәдәуиге қарызын
беріп, ауқаттандырды. Ішіне ел қонып, көңілі көтерілген
454
Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 6/320 (26760)
436
Сахабалар салған сара жол
бәдәуи: «Сен қарызыңды толық өтедің, Аллаһ саған
жар болсын», – дейді. Осы оқиғадан соң Аллаһ расу-
лы: «Қарызынан құтылғандар – адамдардың ең абзалы.
Араларыңдағы әлсіздердің алашағы мен ақысы желін-
ген, есесі кеткен қоғам таза қоғам болып саналмайды»,
– дейді
455
.
Достарыңызбен бөлісу: |