434
Сахабалар салған сара жол
дейді. Расулаллаһ: «Оның ақысын бер», – деді. Мен:
«Сені хақ дінмен жіберушіге ант етемін, дәл қазір төрт
дирхамды төлейтіндей шамам жоқ», – дедім. Аллаһ
расулы: «Оның ақысын бер», – деді. Мен: «Жанымды
уысымда ұстаған Аллаһқа ант етемін, төлейтін шамам
жоқ. Сіздің бізді Хайбарға аттандыратыныңыздан сол
жерде сарбаздарға үлестіретін олжадан мені де құр
қалдырмайтыныңызға үміттенемін, Хайбардан қайтқан
соң қайтарып берейін қарызын», – дедім. Аллаһ расулы
үшінші рет: «Оның ақысын бер», – деді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) не нәрсені үш рет
қайталаса, мәселе сонымен жабылатын. Хадисті жеткі-
зуші айтады: «Содан Абдуллаһ басына сәлдесін орап,
шапанын киіп базарға шықты. Сәлдесін шешіп, белі-
не байлады. Шапанын шешіп, ізінен еріп келе жатқан
яһудиге «Қаласаң, қарызымның орнына осы шапаным-
ды берейін», – дейді. Яһуди келіседі. Сол кезде егде
тартқан бір әйел Абдуллаһқа «Ей, Аллаһ расулының
досы, саған не болған?» – деп сұрайды. Ол болған
жағдайды айтады. Әйел өзінің шапанын Абдуллаһтың
иығына жабады
453
.
Достарыңызбен бөлісу: