Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет17/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Түйін  сӛздер:  АКТ  сауаттылық,  құзыреттілік,  ақпараттық  технология,  электронды  оқулық, 
интерактивті тақта 
 
Кіріспе 
Бҥгінде  жылдам  ӛзгеріп  отырған  әлемде  білім  саласын  реформалау  уақыт  талабына  сай, 
қажеттіліктен  туындап  отыр.  Себебі,  қоғамда  ақпараттандыру  ҥрдісінің  дамуына  байланысты 
білім беру мазмҧны да жаңартылып дамыту қажеттілігін талап етеді. Қазіргі таңда электрондық 
оқулықтарды,  компьютерлік  оқыту  бағдарламаларын,  дыбыстық  және  бейнелік  оқу 
материалдарын  пайдалануда  мультимедиалық  технологиялар  оқыту  ҥрдісіндегі  инновациялық 
әдістерді  жҥзеге  асыратын  бірден-бір  жаңа  ақпараттық  технология  болып  саналады  [1]. 
Ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялар  –  бҧл  ақпаратты  алу  және  тасымалдау, 
ӛңдеу,  сақтау,  жинау  алгоритмі  мен  әртҥрлі  тәсілдер,  әдістерін  сипаттайтын  жалпылама  ҧғым. 
Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ҧғымының мағынасы білім беру аясында ақпараттық 
және  телекоммуникациялық  технологияны  қолдану  технологиясы  деп  есептеуден  гӛрі,  кеңірек 
екенін тҥсіну қажет. Бҧл ҧғым білім беруді ақпараттандыру мақсатына жетуге мҥмкіндік беретін 
барлық  әдістер,  тәсілдер  жиынтығын  қамтиды.  Мысалы,  білім  беруді  ақпараттандыру 
технологиясына  білім  беруге  арналған  ақпараттық  ресурстарды  жасау  тәсілдері  мен  сапасын 
бағалауға педагогтардың ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны ӛзінің кәсіби іс-
әрекетінде тиімді пайдаланудағы оқыту әдістері жатады [2].  
Ақпараттық  технологиялар  білім  беру  жҥйесінде  ақпараттарды  даярлап,  оны  білім 
алушыға беру ҥдерісі. Бҧл ҥдерісті іске асырудың негізгі дидактикалық оқыту қҧралы компьютер 
екені бәрімізге мәлім. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық 
оқыту  қҧралдары  барлық  пәндерді  оқытуға  пайдаланылады.  Қазіргі  заман  талабына  сай 
кҥнделікті  сабақтарда  компьютер,  электрондық  оқулық,  интерактивті  тақта  қолдану  жақсы 
нәтижелерін  беруде.  Білім  беру  жҥйесі  электрондық  байланыс,  ақпарат  алмасу,  интернет, 
электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылып жатыр [3]. 
Мақала  тақырыбына  сәйкес  АКТ  сауаттылығы  ХХІ  ғасырдағы  сауаттылықтардың  біріне 
жатады.  Білім  саласындағы  тестілеу  қызметі  (ETS)  тобының  мҥшелері  АКТ  бойынша 
халықаралық  сауаттылық  дегеніміз  «Ақпараттық  қоғамда  қызмет  жасау  ҥшін  ақпараттық 
міндеттерді шешуде сандық технологияларды, ақпараттық қҧралдарды және желілерді пайдалана 
білу» деп анықтама берген [4]. АКТ саласында сауаттылық кәсіби мансаптың ӛсуі ҥшін маңызды 
алғышарттар  болып  табылады.  Сондықтан,  білім  беру  жҥйесі  әлеуметтік  дамудың  маңызды 
факторы ретінде АКТ сауаттылықты қалыптастыруда тҥйінді рӛл атқарады [5]. 
Қазақстанда  оқушылардың  IT-дағдылары  ешқашан  ҧлттық  және  халықаралық  деңгейде 
бағаланған  жоқ.  Сондықтан,  қазақстандық  оқушылардың  компьютерлік  және  ақпараттық 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 

 
сауаттылығының  қалыптасу  деңгейі  туралы  тҥсінік  жоқ.  Осындай  бірегей  мҥмкіндікті 
оқушылардың білім жетістігін бағалау жӛніндегі Халықаралық Қауымдастық IEA (International 
Association  for  the  Evaluation  of  Educational  Achievement)  ҧсынып  отыр.  ICILS  (International 
Computer  and  Information  Literacy  Study)  зерттеуі  әр  бес  жыл  сайын  жҥргізіледі  [6].  ICILS  2013 
жылы  жҥргізген  зерттеуінің  нәтижесінде  білім  беру  жҥйесінде  АКТ  кемшіліктері  анықталған 
және оны жақсартуға қажетті ҧсыныстар жасалған болатын.
 
Бҧл зерттеуге алғаш рет 2018 жылдың сәуір-мамыр аралығында әлемнің 12 мемлекетімен 
қатар  біздің  елімізде  2  мың  мҧғалім  және  4  мың  8-сынып  оқушылары  қатысты.  Аталған 
зерттеудің халықаралық-салыстырмалы есебі 2019 жылдың маусым айында жарияланады [7]. 
Президентіміздің  ел  ҥкіметіне  жҥктеген  «Сандық  Қазақстан»  бағдарламасын  іске  асыру 
мектеп қабырғасынан басталуы қажет. Жаңа білімдердің пайда болуына байланысты біліктілікті 
ҥздіксіз  арттыруды,  ҥнемі  жаңа  мамандықтардың  қажеттілігін  туындататын,  жылдам  ӛзгеріп 
жатқан  ақпараттық  қоғамға,  әлемге  ӛскелең  ҧрпақты  дайындау  басты  міндет  болмақ.  Бҧл 
міндетті орындауда заманауи адамдардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды 
меңгеруі шешуші рӛл атқарады [8].  
Жоғарыда  айтылғандарға  байланысты,  зерттеу  жҧмысымыздың  мақсаты  – педагогикалық 
бағыттағы бітіруші курс студенттерінің ақпараттық-коммуникациялық технология сауаттылығын 
анықтау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет