Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды     VIII БӨЛIМ



Pdf көрінісі
бет18/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

84-бап. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды 
  
VIII БӨЛIМ  
ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ 
  
85-бап 
Жергiлiктi  мемлекеттік  басқаруды  тиiстi  аумақтағы  iстiң  жай-күйiне  жауапты 
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады. 
86-бап 
1.  Жергiлiктi  өкiлдi  органдар  -  мәслихаттар  тиiстi  әкiмшiлiк-аумақтық,  бөлiнiстегi 
халықтың  еркiн  бiлдiредi  және  жалпымемлекеттік  мүдделердi  ескере  отырып,  оны  iске 
асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.  
2. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс 
беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды.  
3.  Қазақстан  Республикасының  жиырма  жасқа  толған  азаматы  мәслихат  депутаты 
болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.  
4. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:  
1)  аумақты  дамыту  жоспарларын,  экономикалық  және  әлеуметтiк  бағдарламаларын, 
жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекіту;  
2)  өздерiнiң  қарауына  жатқызылған  жергiлiктi  әкiмшiлiк-аумақтық  құрылыс 
мәселелерiн шешу;  
3) заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы 
органдар басшыларының есептерiн қарау;  
4)  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларын  және  өзге  де  жұмыс  органдарын  құру, 
олардың  қызметi  туралы  есептердi  тыңдау,  мәслихат  жұмысын  ұйымдастыруға 
байланысты өзге де мәселелердi шешу;  
5)  Республика  заңдарына  сәйкес  азаматтардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн 
қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.  
5.  Мәслихаттың  өкілеттігін  мерзімінен  бұрын  Республика  Президенті  тоқтатады, 
сондай-ақ  мәслихат  өзін-өзі  тарату  туралы  шешім  қабылдаған  ретте  де  оның  өкілеттігі 
мерзімінен бұрын тоқтатылады.  
6.  Мәслихаттардың  құзыретi,  ұйымдастырылуы  мен  қызмет  тәртібі,  олардың 
депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгiленедi. 
87-бап 


1.  Жергiлiктi  атқарушы  органдар  Қазақстан  Республикасының  атқарушы 
органдарының  бiрыңғай  жүйесiне  кiредi,  тиiстi  аумақтың  мүддесi  мен  даму  қажеттілігiн 
ұштастыра  отырып,  атқарушы  билiктiң  жалпы  мемлекеттік  саясатын  жүргiзудi 
қамтамасыз етедi.  
2. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:  
1)  аумақты  дамыту  жоспарларын,  экономикалық  және  әлеуметтiк  бағдарламаларын, 
жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;  
2) коммуналдық меншiктi басқару;  
3)  жергiлiктi  атқарушы  органдардың  басшыларын  қызметке  тағайындау  және 
қызметтен  босату,  жергiлiктi  атқарушы  органдардың  жұмысын  ұйымдастыруға 
байланысты өзге де мәселелердi шешу;  
4)  жергiлiктi  мемлекеттік  басқару  мүддесiне  сай  Республика  заңдарымен  жергiлiктi 
атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;  
3.  Жергiлiктi  атқарушы  органды  Республика  Президентi  мен  Үкіметінiң  өкiлi  болып 
табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкімі басқарады.  
4.  Облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың  және  астананың  әкімдерін 
қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың 
мәслихаттарының  келісімімен  Республика  Президенті  тағайындайды.  Өзге  әкімшілік-
аумақтық  бөліністердің  әкімдері  қызметке  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
айқындаған  тәртіппен  тағайындалады  немесе  сайланады.  Республика  Президенті  өзінің 
ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы. 
5.  Мәслихат  депутаттарының  жалпы  санының  кемінде  бестен  бірінің  бастамасы 
бойынша  әкімге  сенімсіздік  білдіру  туралы  мәселе  қойылуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда 
мәслихат  өз  депутаттарының  жалпы  санының  көпшілік  даусымен  әкімге  сенімсіздік 
білдіруге  және  оны  қызметінен  босату  жөнінде  тиісінше  Республика  Президентінің  не 
жоғары  тұран  әкімнің  алдына  мәселе  қоюға  хақылы.  Облыстар,  республикалық  маңызы 
бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті 
қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.  
6. Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi ұйымдастырылуы және олардың қызмет 
тәртібі заңмен белгiленедi. 
88-бап 
1.  Мәслихаттар  өз  құзыретіндегі  мәселелер  бойынша  шешiмдер,  ал  әкiмдер  -  тиiстi 
әкiмшiлiк-аумақтық  бөлiнiстiң  аумағында  орындалуға  мiндеттi  шешiмдер  мен  өкiмдер 
қабылдайды.  
2.  Мәслихаттардың  жергiлiктi  бюджет  кiрiсiн  қысқартуды  немесе  жергiлiктi  бюджет 
шығысын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған 
кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.  
3.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен  заңдарына  сәйкес  келмейтiн 
мәслихат шешiмдерiнiң күшi сот тәртібімен жойылуы мүмкiн.  
4. Әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының 
Президентi,  Үкіметі  не  жоғары  тұрған  әкiм  жоюы  мүмкiн,  сондай-ақ  олардың  күшi  сот 
тәртібімен жойылуы мүмкiн.  
 
 
89-бап 
1.  Қазақстан  Республикасында  жергiлiктi  маңызы  бар  мәселелердi  тұрғын  халықтың 
өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады.  
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол 
мәслихаттар  және  халық  топтары  жинақы  тұратын  аумақтарды  қамтитын  жергілікті 
қоғамдастықтардағы  басқа  да  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  арқылы  жүзеге 
асырылады. 


Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына  мемлекеттік  функцияларды  жүзеге  асыру 
заңға сәйкес берілуі мүмкін. 
3.  Қазақстанда  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  ұйымдастыру  мен  олардың  қызметі 
заңмен реттеледі.  
4. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне олардың заңмен белгiленген 
өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет