1. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды,
Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық
актілерінiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.
2. Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк
құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен
дауларға қолданылады.
3. Соттар шешiмдерiнiң үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл
аумағында мiндеттi күшi болады.
77-бап
1. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана
бағынады.
2. Сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі соттың қызметiне қандай да болсын араласуға
жол берiлмейдi, және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Нақты iстер
бойынша судьялар есеп бермейдi.
3. Заңды қолданған кезде судья төмендегi принциптердi басшылыққа алуға тиiс:
1) адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған
қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi;
2) бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк
жауапқа тартуға болмайды;
3) өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келісімiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне
болмайды;
4) сотта әркiм
өз сөзiн тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер
жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Егер
құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен алынып тасталса
немесе жеңiлдетiлсе,
жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес;
7) ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын
туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын
ашқандарға қарсы
куәгер болуға мiндеттi емес;
8) адамның кiнәлi екендiгi жөніндегі кез келген күдiк айыпталушының пайдасына
қарастырылады;
9) заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды. Ешкiм өзiнiң жеке
мойындауы негiзiнде ғана сотталуға тиiс емес;
10) Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берiлмейдi.
4. Конституциямен белгiленген сот төрелiгiнiң принциптерi Республиканың барлық
соттары мен судьяларына ортақ және бiрыңғай болып табылады.
78-бап
Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi
қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк
құқықтық акт Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi
конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге
мiндеттi.
79-бап
мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте
қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
2. Республика Прокуратурасы төменгi прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға
және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бiрыңғай орталықтандырылған
жүйе құрайды. Ол өз өкiлеттiгiн басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан
тәуелсiз жүзеге асырады және Республика Президентiне ғана есеп бередi.
3. Республиканың Бас Прокурорын өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға,
күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс
үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Сенаттың
келісімiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкiлеттiгiнiң мерзiмi
бес жыл.
4. Республика прокуратурасының құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі
заңмен белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: