Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет25/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

107-бап. Қор 
1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, 
әлеуметтiк,  қайырымдылық,  мәдени,  бiлiм  беру  және  өзге  де  қоғамға  пайдалы 
мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi болмайтын коммерциялық емес ұйым қор деп танылады. 
2. Қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкілдік 
етеді, оның дербес балансы және банк шоты болады. 
3. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады. 


Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқықтары болмайды. 
4.  Құрылтайшылардың  ақшасы,  сондай-ақ  басқа  да  мүлкi,  демеушiлiк,  ерiктi  түрде 
жиналған  қайырмалдықтар  және  өзге  де  заңды  түсiмдер  қордың  қаржы  көзi  болып 
табылады. 
5.  Қорды  басқару  тәртiбi  және  оның  органдарын  құру  тәртiбi  оның  құрылтайшылар 
бекiтетiн жарғысында айқындалады. 
Қордың  жарғысында  осы  Кодекстiң  41-бабының  5-тармағында  қамтылатын 
мәлiметтерден  басқа,  қордың  органдары  туралы,  қордың  лауазымды  адамдарын 
тағайындау және оларды босату тәртiбi, қор таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры 
туралы нұсқаулар қамтылуға тиiс. 
6. Қор өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы есептерiн ресми баспасөз  басылымдарында 
жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi. 
7. Қор сот шешiмi бойынша мынадай жағдайларда: 
1)  егер  қордың  мақсаттарын  жүзеге  асыру  үшiн  оның  мүлкi  жеткiлiксiз  болса  және 
оның қажеттi мүлiктi алу ықтималдығы нақты болмаса;  
2)  егер  қордың  мақсаттарына  қол  жеткізу  мүмкiн  болмаса,  ал  қор  мақсаттарына 
қажеттi өзгерiстер жасау мүмкiн болмаса; 
3) қор өз қызметiнде жарғыда көзделген мақсаттардан жалтарған жағдайда; 
4)  заңнамалық  актілерде  немесе  құрылтай  құжаттарында  көзделген  басқа  да 
жағдайларда таратылуы мүмкін. 
8.  Қор  таратылғаннан  кейiн  қалған  мүлiк  оның  жарғысында  көзделген  мақсаттарға 
жұмсалады. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет