Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет27/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

109-бап. Дiни бiрлестiк 
1.  Рухани  қажеттерiн  қанағаттандыру  үшiн  өз  мүдделерiнiң  ортақтығы  негiзiнде,  заң 
құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi 
дiни бiрлестiк деп танылады.  
2. алынып тасталды  
3. 
Республикадан 
тыс 
жерлерде 
басқару 
орталықтары 
бар 
Қазақстан 
Республикасындағы  дiни  бiрлестiктер  әдiлет  органдарында  тiркеуге  жатады.  Басқару 
орталықтарының  жарғылары  (ережелерi),  егер  олар  Қазақстан  Республикасының 
заңдарына  қайшы  келмесе,  осындай  дiни  бiрлестiктер  жарғыларының  (ережелерiнiң) 
негiзiне алынуы мүмкiн.  
4-8-тармақтар алынып тасталды  
9. Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған немесе өздерi құрған азаматтар, 
ұйымдар  жылу  ретiнде  берген  немесе  мемлекет  берген  және  заң  құжаттарына  қайшы 
келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.  
10.  Дiни  бiрлестiктерге  қатысушылардың  (мүшелерiнiң)  осы  ұйымға  өздерi  берген 
мүлiкке,  соның  iшiнде  мүшелiк  жарналарға  құқықтары  сақталмайды.  Олар  дiни 
бiрлестiктiң  мiндеттемелерi  бойынша  жауап  бермейдi,  ал  дiни  бiрлестiк  өз  мүшелерiнiң 
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.  
11.  Дiни  бiрлестiктiң  құқықтық  жағдайының  ерекшелiктерi  осы  Кодекске,  Қазақстан 
Республикасының заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. 
  
110-бап.  Жеке  кәсіпкерлердің  және  (немесе)  заңды  тұлғалардың  қауымдастық  (одақ) 
нысанындағы бiрлестiгi 
1.  Жеке  кәсіпкерлер  және  (немесе)  заңды  тұлғалар  өздерінің  кәсіпкерлік  қызметін 
үйлестіру,  сондай-ақ  ортақ  мүдделерін  білдіру  мен  қорғау  мақсатында  қауымдастықтар 
(одақтар) құра алады. 
Заңды  тұлғалардың  қаржы  рыногында  қызметтi  жүзеге  асыратын  қауымдастығын 
(одақтарын)  құру  және  оларға  қатысу  ерекшелiгi  Қазақстан  Республикасының  заң 
актілерінде белгiленедi.  
2.  Қоғамдық  бiрлестiктер  және  өзге  де  коммерциялық  емес  ұйымдар,  соның  iшiнде 
мекемелер осы ұйымдардың қауымдастығына (одақтарына) өз еркiмен бiрiге алады.  
3. Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады.  
4. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өз дербестiгiн сақтап қалады.  
5.  Қауымдастық  (одақ)  өз  мүшелерiнiң  мiндеттемелерi  бойынша  жауап  бермейдi. 
Қауымдастық (одақ) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) 
құрылтай құжаттарында көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша жәрдем жөнiнен жауапты 
болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет