Қазақстан Республикасының Конституциясы


-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет38/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

3-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ЖӘНЕ ТАРАТУ 
  
19-бап. Коммерциялық емес ұйымды құру  
1.  Коммерциялық  емес  ұйым,  оны  қалыптастыру  арқылы,  сондай-ақ  бұрын  бар 
коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылуы мүмкін.  
Дербес  білім  беру  ұйымының  ұйымдық-құқықтық  нысанындағы  коммерциялық  емес 
ұйым  «Назарбаев  Университеті»,  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  және  «Назарбаев 
Қоры»  мәртебесі  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңында  көзделген  жағдайда 
акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрылуы мүмкін. 
2. Коммерциялық емес ұйымды (қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қоспағанда), оны 
қалыптастыру  арқылы  құру  құрылтайшылардың  (құрылтайшының)  шешiмi  бойынша 
жүзеге асырылады.  
Қоғамдық 
бiрлестiктер 
олардың 
жарғысы 
қабылданып, 
органдары 
қалыптастырылатын құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақырушы кемiнде 
он  адамнан  тұратын  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  тобының  бастамасы 
бойынша құрылады.  


Азаматтардың  қоғамдық  бірлестіктерді  құру  құқығы  тікелей  жеке  тұлғаларды 
біріктіру жолымен, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды қоспағанда, заңды 
тұлағалар - қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асады. 
Саяси  партиялар  мен  кәсіптік  одақтарды  қоспағанда,  құрылтай  съезін  (конференция, 
жиналыс) 
шақыратын, 
онда 
жарғы 
қабылданатын 
және 
басшы 
органдар 
қалыптастырылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар- қоғамдық бірлестіктер қоғамдық 
бірлестіктердің  құрылтайшылары  болып  табылады.  Қоғамдық  бірлестіктердің 
құрылтайшылары  -  жеке  және  (немесе)  заңды  тұлғалар  тең  құқықтарға  ие  болады  және 
бірдей міндеттерді атқарады. 
3.  Заңды  тұлға  ретiнде  коммерциялық  емес  ұйымның  құқық  қабiлеттiлiгi  ол 
мемлекеттік тiркелуден өткен кезден бастап туындайды.  
Коммерциялық  емес  ұйымның  айналысуға  лицензия  алу  қажет  болатын  қызмет 
саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай лицензияны алған кезден бастап туындайды. 
20-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары  
1. Коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай, егер осы Заңда, 
Қазақстан  Республикасының  басқа  да  заң  актілерінде  өзгеше  белгiленбесе,  жеке  және 
(немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары бола алады.  
2. Коммерциялық емес ұйымды, тұтыну кооперативiн, қауымдастықтарды (одақтарды) 
құру  жағдайларын  және  коммерциялық  емес  ұйымдардың  жекелеген  түрлерi  туралы  заң 
актілерінде көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға құруы мүмкiн. 
21-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары  
1. Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттары:  
1)  мекеме  үшiн  -  меншiк  иесi  (меншiк  иелерi)  бекiткен  ереже  (жарғы)  және  меншiк 
иесiнiң (меншiк иелерiнiң) құру туралы шешiмi;  
2)  қор,  тұтыну  кооперативi,  коммерциялық  емес  акционерлік  қоғам  қауымдастық 
(одақ)  нысанындағы,  өзге  де  ұйымдық-құқықтық  нысандардағы  заңды  тұлғалар 
бiрлестiктерi үшiн - құрылтайшылар бекiткен жарғы және құрылтай шарты;  
3) қоғамдық бiрлестiк, дiни бiрлестiк үшiн - жарғы болып табылады.  
2.  Коммерциялық  емес  ұйымның  құрылтай  құжаттарының  талаптары  коммерциялық 
емес  ұйымның  өзiнiң,  оның  құрылтайшыларының  (қатысушыларының)  орындауы  үшiн 
мiндеттi.  
3.  Коммерциялық  емес  ұйымның  бiрiнiң  құрылтай  шарты  мен  жарғысы  арасында 
қарама-қайшылықтар болған жағдайда:  
1)  егер  олар  құрылтайшылардың  iшкi  қатынастарына  қатысты  болса,  құрылтай 
шартының;  
2)  егер  олардың  қолданылуы  заңды  тұлғаның  үшiншi  тұлғалармен  қатынасы  үшiн 
маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиiс. 
22-бап. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы  
1. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы:  
1) коммерциялық емес ұйымның атауын, соның iшiнде ұйымдық-құқықтық нысанын, 
қызметiнiң мәнi мен мақсатын;  
2) коммерциялық емес ұйымның орналасқан жерiн;  
3)  коммерциялық  емес  ұйымның  басқару  органдарының  құрылымын,  қалыптастыру 
тәртібін және құзыретiн;  
4)  коммерциялық  емес  ұйым  мүшелерінің  (қатысушыларының)  құқықтары  мен 
мiндеттерiн;  
5)  коммерциялық  емес  ұйымның  мүшелiгiне  (егер  коммерциялық  емес  ұйымның 
мүшелiгi болған жағдайда) қабылдау және одан шығу шарты мен тәртібін;  
6) коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерiн;  


7) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу тәртібін;  
8)  коммерциялық  емес  ұйымды  қайта  ұйымдастыру  және  оның  қызметiн  тоқтату 
шартын;  
9) коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану тәртібін;  
10) филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi көздеуге тиiс.  
2.  Коммерциялық  емес  ұйымның  жарғысы  Қазақстан  Республикасының  заңдарына 
қайшы келмейтiн, өзге де ережелердi көздеуi мүмкiн.  
3.  Егер  коммерциялық  емес  ұйымды  бiр  тұлға  құрған  болса,  онда  оның  жарғысында 
мүлiктердi құрау және кiрiстердi пайдалану тәртібі де белгiленедi.  
4.  Осы  баптың  1-тармағы  4)  және  5)-тармақшаларының  ережелерi  қорларға 
қолданылмайды.  Қордың  жарғысында  осы  баптың  1-тармағында  көрсетiлген 
мәлiметтерден  басқа,  қор  органдары  туралы,  қордың  лауазымды  адамдарын  тағайындау 
және  оларды  қызметiнен  босату  тәртібі  туралы,  ол  таратылған  жағдайда  қор  мүлкiнiң 
тағдыры туралы нұсқау болуға тиiс.  
5.  Тұтыну  кооперативiнiң  жарғысында  осы  баптың  1-тармағында  көрсетiлген 
мәлiметтерден  басқа,  кооператив  мүшелерi  пайларының  мөлшерi  туралы;  кооператив 
мүшелерiнiң  пайларын  енгізу  құрамы  мен  тәртібі  және  пай  енгізу  жөніндегі 
мiндеттемелердi бұзғандығы үшiн олардың жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару 
органдарының  құрамы  мен  құзыретi  және  олардың  шешiмдер  қабылдау  тәртібі  туралы, 
соның iшiнде шешiмдi бiрауыздан немесе басым көпшiлiк дауыспен қабылдау мәселелерi 
туралы;  кооператив  мүшелерiнiң  оларға  келтiрiлген  шығынның  орнын  толтыру  тәртібі 
туралы шарттар болуға тиiс.  
6.  Адвокаттар  алқасының  жарғысында  мүшелiктi  тоқтата  тұру  тәртібі,  заң 
консультацияларын  құрудың  және  олардың  қызметiнiң  тәртібі,  мүлiктi  құрайтын  көздер 
және оларға билiк ету тәртібі, мүшелiк жарналарды төлеу тәртібі, адвокаттардың тегiн заң 
көмегiн  көрсету  тәртібі  және  соттың,  анықтау  және  алдын  ала  тергеу  органдарының 
тағайындауы бойынша адвокаттар арасында заң көмегiн реттеп бөлу тәртібі, адвокаттарды 
аттестациядан  өткізу  тәртібі,  адвокаттар  алқасы  мүшелерi  мен  тағылымдамадан  өтушi 
адвокаттардың  тәртiптiк  жауапкершiлiгi  және  жауапкершiлiкке  тарту  тәртібі,  адвокатты 
лицензиясынан айыру туралы өтiнiш қозғау тәртібі болуға тиiс.  
6-1.  Республикалық  адвокаттар  алқасының  жарғысы  Республикалық  адвокаттар 
алқасының  құрылымын,  оның  органдарының  құрылу  тәртібі  мен  құзыретін,  мүлкін 
қалыптастыру  көздерін  және  оған  иелік  ету  тәртібін,  адвокаттар  алқалары  жүзеге 
асыратын  аударымдар  мөлшерін,  сондай-ақ  Республикалық  адвокаттар  алқасын  қайта 
ұйымдастыру және тарату тәртібін қамтуға тиіс. 
7.  Қауымдастықтың  (одақтың)  құрылтай  құжаттарында  олардың  органдарының 
құрамы  және  құзыретi,  олардың  шешiмдер  қабылдау  тәртібі  туралы  және  қауымдастық 
(одақ) таратылғаннан кейiн қалған мүлiктi бөлу тәртібі туралы шарттар да болуға тиiс.  
8.  Коммерциялық  емес  ұйымның  жарғысына  өзгерістер  мен  толықтырулар  оның 
жоғары органының (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы) шешiмi бойынша 
енгiзiледi.  Қор  жарғысына  өзгерістер  мен  толықтыруларды,  егер  қор  жарғысында  оған 
осындай құқық берiлген болса, қордың басқару органы енгiзедi.  
9. Коммерциялық емес акционерлік қоғам жарғысында қоғамның коммерциялық емес 
ұйым  екендiгi  де,  дауыс  беру  рәсiмi,  дивидендтердi  төлемеу  туралы  ережелер  де, 
Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде  белгiленген  басқа  талаптар  да  көрсетiлуге 
тиiс. 
23-бап. Құрылтай шарты  
1.  Құрылтай  шарты  -  коммерциялық  емес  ұйым  құру  туралы  құрылтайшылардың 
келісімi,  мұнда  оны  құру  жөніндегі  бiрлескен  қызмет  тәртібі,  оның  меншiгiне  (жедел 
басқару) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу шарттары айқындалады. Мұнда, егер 


коммерциялық  емес  ұйымдардың  жекелеген  түрлерi  туралы  заң  актілерінде  өзгеше 
көзделмесе,  коммерциялық  емес  ұйымның  қызметiн  басқару,  құрылтайшылардың  оның 
құрамынан шығу шарты мен тәртібі де белгiленедi.  
Құрылтай 
шартына 
құрылтайшылардың 
келісімi 
бойынша 
Қазақстан 
Республикасының  қолданылып  жүрген  заңдарына  қайшы  келмейтiн  басқа  да  ережелер 
енгiзiлуi мүмкiн.  
2. Құрылтай шартына барлық құрылтайшылар немесе олар уәкiлеттiк берген адамдар 
қол қояды.  
3. Қорды, жеке меншік мекемені, дербес білім беру ұйымын бiр адам құрған жағдайда 
құрылтай шарты жасалмайды. 
24-бап. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерi  
1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан 
Республикасының аумағында филиалдар құрып, өкiлдiктер аша алады.  
Қоғамдық  және  дiни  бiрлестiктер,  мекемелер  осы  ұйымдар  туралы  заң  актілеріне 
сәйкес өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн құра алады.  
2. Коммерциялық емес ұйымның филиалы оның тұрған жерiнен тыс орналасқан және 
оның  мiндеттерiнiң  бәрiн  немесе  бiр  бөлiгiн,  соның  iшiнде  өкiлдiктiң  мiндетiн  жүзеге 
асыратын коммерциялық емес ұйымның оқшауланған бөлiмшесi болып табылады.  
3.  Коммерциялық  емес  ұйымның  өкiлдiгi  оның  тұрған  жерiнен  тыс  орналасқан  және 
коммерциялық емес ұйымның мүдделерiн қорғауды және оның өкiлдiгiн жүзеге асыратын, 
оның атынан мәмiлелер және өзге де құқықтық iс-әрекеттер жасайтын коммерциялық емес 
ұйымның оқшауланған бөлiмшесi болып табылады.  
4. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болып табылмайды. Олар өздерiн құрған 
коммерциялық емес ұйымның мүлкiн иемденеді және ол бекiткен ереже негiзiнде әрекет 
етедi.  Филиалдың  немесе  өкiлдiктiң  мүлкi  жеке  баланста  және  оларды  құрған 
коммерциялық емес ұйымның балансында ескерiледi.  
5. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (қоғамдық және дiни 
бiрлестiктердi  қоспағанда)  басшыларын  коммерциялық  емес  ұйымның  уәкiлеттi  органы 
тағайындайды  және  оның  сенiмхаты  негiзiнде  әрекет  етедi.  Қоғамдық  бiрлестiктердiң 
құрылымдық  бөлiмшелерiнiң  (филиалдар  мен  өкiлдiктер)  басшылары  қоғамдық 
бiрлестiктiң  жарғысында  және  оның  филиалы  немесе  өкiлдiгi  туралы  ережеде  көзделген 
тәртiппен сайланады.  
Дiни  бiрлестiктердiң  құрылымдық  бөлiмшелерiнiң  (филиалдар  мен  өкiлдiктер) 
басшылары  дiни  бiрлестiктiң  жарғысында  және  оның  филиалы  мен  өкiлдiгi  туралы 
ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.  
6. Филиал және өкiлдiк өздерiн құрған коммерциялық емес ұйымның атынан қызметiн 
жүзеге  асырады.  Өз  филиалының  не  өкiлдiгiнiң  қызметi  үшiн  оларды  құрған 
коммерциялық емес ұйым жауапкершiлiкте болады.  
6-1.  Коммерциялық  емес  ұйымның  филиалы  мен  өкілдiгiнiң  атауы  өздерiн  құрған 
коммерциялық емес ұйымның атауын көрсетуді қамтуға тиіс.  
7.  Коммерциялық  емес  ұйымның  филиалдары  мен  өкiлдiктерi  есептiк  тiркелуге,  ал 
атауын өзгерткен жағдайда - қайта тiркелуге жатады.  
Есептiк 
тiркеудің 
(қайта 
тiркеудің) 
тәртiбi 
мен 
мерзiмдерi 
Қазақстан 
Республикасының заңды тұлғаларды
 
мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді 
есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалады. 
  
25-бап. Коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру  
1.  Коммерциялық  емес  ұйым  Қазақстан  Республикасының 
Азаматтық  кодексiнде
,  осы 
заңда, басқа да заң актілерінде көзделген тәртiппен қайта ұйымдастырылуы мүмкiн.  


2.  Коммерциялық  емес  ұйымды  қайта  ұйымдастыру  қосу,  бiріктіру,  бөлу,  бөлiп 
шығару, қайта құру нысанында және заңдарда көзделген басқа да нысандарда жүргiзiлуi 
мүмкiн.  
3.  Коммерциялық  емес  ұйым,  бiрiктiру  нысанындағы  қайта  ұйымдастыру 
жағдайларын  қоспағанда,  жаңадан  пайда  болған  ұйымның  (ұйымдардың)  мемлекеттік 
тiркеуден өткен кезiнен бастап қайта ұйымдастырылған болып есептеледi.  
Коммерциялық  емес  ұйым  оған  екінші  бір  ұйымның  қосылуы  нысанында  қайта 
ұйымдастырылған  кезде  қосылған  ұйым  қызметiнің  тоқтатылғаны  туралы  мәліметтер 
Бизнес-сәйкестендіру  нөмірлерінің  ұлттық  тізіліміне  енгiзiлген  кезден  бастап  олардың 
біріншісі қайта ұйымдастырылды деп есептеледi. 
4.  Қайта  ұйымдастыру  нәтижесiнде  жаңадан  пайда  болған  ұйымды  (ұйымдарды) 
мемлекеттiк  тiркеу  және  қайта  ұйымдастырылған  ұйым  (ұйымдар)  қызметiнің 
тоқтатылғаны  туралы  мәліметтерді  Бизнес-сәйкестендіру  нөмірлерінің  ұлттық  тізіліміне 
енгiзу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар 
мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгiленг
ен тәртiппен жүзеге асырылады.
 
  
26-бап. Коммерциялық емес ұйымды тарату  
1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы 
Заңда және басқа да заң актілерінде көзделген негiзде және тәртiппен ерiктi түрде (оның 
мүлкiн  иеленушiнiң  немесе  меншiк  иесi  уәкiлеттiк  берген  органның  шешiмi  бойынша, 
сондай-ақ  бұған  құрылтай  құжаттарында  уәкiлеттiк  берiлген  заңды  тұлға  органының 
шешiмi бойынша) және мәжбүрлеп (сот шешiмi бойынша) таратылуы мүмкiн.  
2. Коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған коммерциялық емес 
ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) немесе орган бұл туралы заңды тұлғаларды 
тiркеудi жүзеге асырған әдiлет органына дереу жазбаша хабарлауға мiндеттi.  
Коммерциялық  емес  ұйымды  тарату  туралы  шешiм  қабылдаған  құрылтайшылар 
немесе  орган  тарату  комиссиясын  тағайындайды  және  Қазақстан  Республикасының 
Азаматтық  кодексiне,  осы  Заңға  сәйкес  коммерциялық  емес  ұйымды  таратудың  тәртібі 
мен мерзiмiн белгiлейдi.  
3.  Тарату  комиссиясы  тағайындалған  кезден  бастап  оған  коммерциялық  емес 
ұйымның  мүлкiн  және  iсiн  басқару  жөніндегі  өкiлеттiк  көшедi.  Тарату  комиссиясы 
таратылатын коммерциялық емес ұйымның атынан сотта әрекет етедi. 
27-бап. Коммерциялық емес ұйымды тарату тәртібі  
1.  Тарату  комиссиясы  орталық  әдiлет  органының  ресми  басылымдарында  заңды 
тұлғаның  таратылуы  туралы,  сондай-ақ  оның  кредит  берушiлерiнiң  талаптарын 
мәлiмдеудiң  тәртібі  мен  мерзiмi  туралы  ақпарат  жариялайды.  Талаптарды  мәлiмдеудiң 
мерзiмi коммерциялық емес ұйымды тарату туралы жарияланған кезден бастап екi айдан 
кем болмауға тиiс.  
Тарату  комиссиясы  кредит  берушiлердi  айқындауға  және  берешектерiн  алуға, 
филиалдар  мен  өкiлдiктердi  есептен  шығаруға  шара  қолданады,  сондай-ақ  кредит 
берушiлердi  коммерциялық  емес  ұйымның  таратылғандығы  туралы  жазбаша  хабардар 
етедi.  
2.  Кредит  берушiлердiң  талаптар  қоюына  арналған  мерзiм  аяқталған  соң  тарату 
комиссиясы  аралық  тарату  балансын  жасайды,  мұнда  таратылатын  коммерциялық  емес 
ұйымның  мүлiк  құрамы  туралы  мәлiметтер,  кредит  берушiлер  мәлiмдеген  талаптардың 
тiзбесi, сондай-ақ олардың қаралу нәтижелерi туралы мәлiметтер болады.  
Аралық  тарату  балансын  коммерциялық  емес  ұйымның  мүлкiн  иеленушi  немесе 
коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.  
3.  Егер  таратылған  коммерциялық  емес  ұйымның  (мемлекеттік  мекемелерден  басқа) 
ақшасы  кредит  берушiлердiң  талаптарын  қанағаттандыру  үшiн  жеткiлiксiз  болса,  тарату 


комиссиясы  сот  шешiмдерiн  орындау  үшiн  белгiленген  тәртiппен,  коммерциялық  емес 
ұйымның мүлкiн ашық сауда арқылы сатуды жүзеге асырады.  
4.  Таратылатын  коммерциялық  емес  ұйымның  кредит  берушiлерiне  ақша  төлеудi 
Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  кодексiнiң  51-бабында  белгiленген  кезектiлiк 
тәртібімен,  аралық  тарату  балансына  сәйкес,  ол  бекітілген  күннен  бастап  тарату 
комиссиясы жүргiзедi.  
5.  Кредит  берушiлермен  есеп  айырысу  аяқталған  соң  тарату  комиссиясы  тарату 
балансын  жасайды,  оны  коммерциялық  емес  ұйымның  мүлкiн  меншiктенушi  немесе 
коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.  
6.  Таратылатын  мекеменiң  ақшасы  кредит  берушiлердiң  талаптарын  қанағаттандыру 
үшiн  жеткiлiксiз  болған  жағдайда,  соңғысы  талаптардың  қалған  бөлiгiн  осы  мекеменiң 
мүлкiн  меншiктенушiнiң  есебiнен  қанағаттандыру  туралы  шағыммен  сотқа  жүгiнуге 
құқылы. 
28-бап. Таратылатын коммерциялық емес ұйымның мүлкi  
1.  Коммерциялық  емес  ұйымның  таратылған  кезде  кредит  берушiлердiң  талаптарын 
қанағаттандырғаннан  кейiн  қалған  мүлкi,  егер  заң  актілерiнде  өзгеше  тәртiп  көзделмесе, 
құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.  
Коммерциялық  емес  ұйым  салық  жеңiлдiктерiн  және  басқа  да  жеңiлдiктердi 
пайдаланған  және  мүшелерiнiң  және  (немесе)  құрылтайшыларының  жарналары  мен  өз 
қызметiнен түскен кiрiстерi, жұртшылықтың қайырмалдықтары есебiнен жұмыс жасаған, 
мемлекеттен  немесе  мемлекеттік  емес  ұйымдардан  гранттар  алған  жағдайда,  таратылған 
кезде кредит берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлiктi ұйымның мүшелерi, 
құрылтайшылары, лауазымды адамдары немесе жалдамалы қызметкерлерi арасында қайта 
бөлуге  болмайды,  ол  ұйымның  жарғысына  сәйкес  оның  жарғылық  мақсаттарына 
пайдаланылуға тиiс. Егер ұйымның жарғысында мұндай тәртiп көзделмесе, тарату туралы 
шешiм  қабылдаған  органның  ұйғаруы  бойынша  қалған  мүлiк  таратылатын  ұйымдiкi 
сияқты  мақсаттарды  немесе  оларға  жақын  мақсаттарды  ұстанатын  коммерциялық  емес 
ұйымға берiлуi мүмкiн.  
2. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда 
оның тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен үлесiн өз пайына бара-бар бөлiп алуға құқығы бар.  
Селолық  тұтыну  кооперативiнен  шыққан  жағдайда  оның  мүшесi  селолық 
кооперативтiң  мүлкіндегі  өзiнiң  үлесiн  бөлiсуге  және  оның  құнын  немесе  кооперативтiң 
барлық мүшелерiнiң келісімi бойынша өз пайына барабар заттай мүлiк алуға құқылы.  
Тұтыну  кооперативiнiң  мүшесi  қайтыс  болған  жағдайда,  егер  заң  актілерінде  және 
кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне 
қабылдануға  бiрiншi  кезекте  құқығы  болады.  Заң  актілерінде  және  кооператив 
жарғысында  өзгеше  көзделген  жағдайда  кооператив  мұрагерлерге  тұтыну  кооперативi 
мүлкiнен оның пайына бара-бар үлесiн төлейдi.  
3. Құрылтайшылар мекеменiң мүлкiне меншiк құқығын сақтайды.  
4.  Коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамның  кредит  берушiлермен  есеп 
айырысқаннан  кейiн  қалған  мүлкi  барлық  акционерлер  арасында  оларға  тиесiлi 
акциялардың санына бара-бар бөлiнедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет