9) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды
жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Коммерциялық емес ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
2) белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi
төлеуге;
3) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен (мекемелердi
қоспағанда) жауап беруге;
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершiлiкте болуға
мiндеттi.
6-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғам, тұтыну
кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың
бiрлестiгi нысанында және заң актілерінде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
7-бап. Коммерциялық емес ұйымның атауы және орналасқан жерi
1. Коммерциялық емес ұйымның атауы оның атын және ұйымдық-құқықтық
нысанының көрсетпесiн қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша ақпаратты қамтуы
мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымның атауында заңдардың талаптарына немесе қоғамдық
мораль нормаларына қайшы келетiн атауларды; егер (қатысушылардың есiмiмен
үйлесiмдi болмаса не егер жеке есiмiн пайдалануға бұл адамдардың (олардың
мұрагерлерiнiң) рұқсатын қатысушылар алмаған болса, адамдардың өз аттарын
пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Коммерциялық емес ұйымның тұрақты қызмет iстейтiн органы орналасқан жер
оның орналасқан жерi деп танылады.
3. Коммерциялық емес ұйымның атауы мен орналасқан жерi оның құрылтай
құжаттарында көрсетiледi.
Достарыңызбен бөлісу: