Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет67/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

 
3-бап. Тұтыну кооперативiнiң құрылуы мен қызметiнiң негiзгі принциптерi  
Тұтыну кооперативтерi:  
кiру және шығу ерiктiлiгi;  
мүлiктiк (пайлық) жарна төлеудiң мiндеттiлiгi;  
басқарудың демократияшылдығы;  
өзара көмек және өз мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау;  
тұтыну  кооперативiнiң  қызметi  туралы  ақпаратты  оның  барлық  мүшелерiнiң 
пайдалана алуы принциптерi негiзiнде жұмыс iстейдi. 
4-бап. Тұтыну кооперативi  
1.  Тұтыну  кооперативi  коммерциялық  емес  ұйымдар  болып  табылады  және 
кәсiпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей дәрежеде ғана 
айналыса алады.  
2.  Тұтыну  кооперативi  мүлiктiк  (пайлық)  жарналар  есебiнен,  өз  мүшелерiнiң 
мүдделерiн  қанағаттандыруға  байланысты  жекелеген  мiндеттердi  орындау  үшiн 
құрылады.  


3.  Егер  құрылтай  құжаттарында  тұтыну  кооперативi  белгiлi  бiр  мерзiмге  немесе 
белгiлi  бiр  мақсатқа  жету  үшiн  құрылатыны  көзделмесе,  ол  белгiсiз  мерзiмге  құрылған 
болып есептеледi.  
4.  Тұтыну  кооперативіндегі  еңбек  қатынастары  осы  Заңмен,  еңбек  заңдарымен  және 
жарғымен  реттеледi.  Тұтыну  кооперативi  мүшелерiнiң  оның  қызметiне  жеке  еңбегiмен 
қатысқаны  үшiн  сыйақы  мөлшерлерi,  сондай-ақ  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс  iстейтiн 
адамдардың  еңбегiне  төленетiн  ақы  мөлшерлерi  жалпы  жиналыстың  шешiмiмен 
белгiленедi.  
5. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң оның қызметiне жеке еңбегiмен қатысуы мiндеттi 
болып табылмайды.  
6. Қызмет нәтижелерiнiң (дайындалған не сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, 
қызмет  көрсетулердiң)  негiзгi  тұтынушылары  тұтыну  кооперативiнiң  мүшелерi  болып 
табылады. 
5-бап. Тұтыну кооперативiнiң атауы және орналасқан жерi  
1.  Тұтыну  кооперативiнiң  атауы  оның  қалай  аталатынын  және  ұйымдық-құқықтық 
нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн.  
2. Тұтыну  кооперативiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi  оның 
орналасқан жерi болып танылады.  
3.  Тұтыну  кооперативi  орналасқан  жерiн  ауыстырған  кезде  қажеттi  өзгерiстерді 
Бизнес-сәйкестендіру  нөмірлерінің  ұлттық  тізіліміне  енгiзу  үшiн  тұтыну  кооперативінің 
нақты  мекенжайы  бойынша  заңды  тұлғаларды  мемлекеттiк  тiркеудi  жүзеге  асыратын 
органға бұл жөнінде хабарлауға мiндеттi. 
  
6-бап. Тұтыну кооперативiнiң құқық қабiлетi  
1. Тұтыну кооперативi заңды тұлға болып табылады және оның мыналарға:  
1) өз мүшелерiнiң қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған қызметпен айналысуға;  
2)  жарғылық  мақсаттарға  қол  жеткізуге  қызмет  етуiне  қарай,  кәсiпкерлiк  қызметтi 
жүзеге асыруға;  
3)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  және  кооперативтің  жарғысында 
белгiленген тәртiппен өзiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi болуына;  
4)  тұтыну  кооперативiнiң  құқықтарын  бұзатын  мемлекеттік  органдардың  актілеріне, 
жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  органдарының  актілеріне,  олардың  лауазымды  адамдарының 
iс-әрекеттерiне сот тәртібімен шағым жасауға;  
5)  заңды  тұлғаның  тұтыну  кооперативінiң  жарғысында  көзделген  мақсаттарға  қол 
жеткізу үшiн қажеттi өзге де құқықтарын жүзеге асыруға құқығы бар.  
2.  Тұтыну  кооперативі  тізбесі  заң  актілерімен  анықталатын  қызметтің  жекелеген 
түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.  
3. Тұтыну кооперативi қызметiнiң мәнi мен мақсаттары оның құрылтай құжаттарымен 
белгiленедi. 
7-бап. Тұтыну кооперативiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi  
1.  Тұтыну  кооперативi  өзiнiң  орналасқан  жерiнен  тыс  жерде  Қазақстан 
Республикасының  заңдарына  сәйкес  филиалдарын  құруға  және  өкiлдiктерiн  ашуға 
құқылы.  
2.  Тұтыну  кооперативiнiң  филиалдарын  құру  және  өкілдiктерiн  ашу  туралы 
шешiмдердi,  егер  жарғыда  осындай  шешiмдердi  жалпы  жиналыс  қабылдайтыны 
көзделмесе, тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы қабылдайды. 
8-бап. Мемлекет және тұтыну кооперативi  
1.  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде  көзделген  жағдайларды  қоспағанда, 
мемлекеттік  органдар  мен  жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  органдарының  тұтыну 
кооперативiнiң қызметiне араласуға құқығы жоқ.  


2.  Тұтыну  кооперативiнің  құқықтарын  бұзатын  мемлекеттік  органдардың  актілері 
немесе  жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  органдарының  актілері  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.  
3.  Мемлекеттік  органдар  мен  жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  органдарының  не  олардың 
лауазымды  адамдарының  заңсыз  іс-әрекеті  не  әрекетсіздігі  салдарынан  тұтыну 
кооперативiне  келтiрiлген  залал,  соның  iшiнде  алынбай  қалған  пайда  Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтеледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет