Қазақстан Республикасының Конституциясы


-ТАРАУ. ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІНЕ МҮШЕЛІК



Pdf көрінісі
бет69/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

3-ТАРАУ. ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІНЕ МҮШЕЛІК 
13-бап. Тұтыну кооперативiне мүшелiк  
1.  Он  сегiз  жасқа  толған  азаматтар  және  заңды  тұлғалар  тұтыну  кооперативiнiң 
мүшелерi бола алады.  
2. Азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрнеше тұтыну кооперативтерiнiң мүшесi бола 
алады.  
3.  Тұтыну  кооперативi  мүшелерiнiң  саны  екi  азаматтан  кем  болмауға  тиiс.  Тұтыну 
кооперативi мүшелерiнiң ең көп санына шек қойылмайды.  
4.  Тұтыну  кооперативiне  осы  Заңның  және  тұтыну  кооперативi  жарғысының 
ережелерiн  сақтай  отырып  жүргiзiлген  жаңа  мүшелер  қабылдау  жалпы  жиналыстың 
шешiмiмен ресiмделедi.  
5. Тұтыну кооперативiне мүше болғысы келетiн азамат немесе заңды тұлға атқарушы 
органға  тұтыну  кооперативiне  қабылдау  туралы  жазбаша  нысанда  арыз  бередi.  Арызда 
азаматтың  аты-жөнi,  тұрғылықты  жерi  және  жеке  басын  куәландыратын  құжаттың 
деректерi  немесе  заңды  тұлғаның  атауы,  орналасқан  жерi  және  банк  реквизиттерi 
көрсетiлуге тиiс.  
6.  Тұтыну  кооперативіне  қабылдау  туралы  арызды  тұтыну  кооперативінің  атқарушы 
органы он күн ішінде қарауға тиіс.  
7. Тұтыну кооперативiнiң мүлкiнде ол құрылғаннан кейiн үлес құқығын алған үшiншi 
тұлғалардың тұтыну кооперативiнiң мүшелiгiне бiрiншi кезекте қабылдануға құқығы бар.  


8.  Тұтыну  кооперативiнiң  жарғысында  өзгеше  көзделмесе,  тұтыну  кооперативiнiң 
мүшесi  қайтыс болған  жағдайда оның  мұрагерлерiнiң тұтыну кооперативiнiң мүшелiгiне 
бiрiншi  кезекте  қабылдануға  құқығы  бар.  Жарғыда  өзгеше  көзделген  жағдайда 
мұрагерлерiне  кооператив  тұтыну  кооперативiнің  мүлкіндегі  оның  мүлiктiк  (пайлық) 
жарнасына бара-бар үлесiн төлейдi. 
14-бап. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң құқықтары  
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi:  
1) тұтыну кооперативiнен белгiленген тәртiппен ерiктi түрде шығуға;  
2)  тұтыну  кооперативiнiң  қызметiне  қатысуға,  басқару  органдары  мен  бақылау 
органдарын  сайлауға  және  оларға  сайлануға,  тұтыну  кооперативiнiң  қызметiн  жақсарту, 
оның органдарының жұмысындағы кемшiлiктердi жою туралы ұсыныстар енгізуге;  
3)  тұтыну  кооперативiнiң  тауарларын  (қызмет  көрсетуiн)  басқа  азаматтар  мен  заңды 
тұлғалардың алдында артықшылықпен сатып алуға (алуға), өз өндiрiсiнiң, өзiндiк қосалқы 
шаруашылығының және кәсiпшiлiгiнің бұйымдары мен өнiмдерiн тұтыну кооперативiнiң 
ұйымдары арқылы шарттар негiзiнде өткізуге, қызмет көрсетудi жүзеге асыруға;  
4)  тұтыну  кооперативi  жалпы  жиналысының  тұтыну  кооперативiнiң  мүшелерi  үшiн 
көзделген жеңілдiктерiн пайдалануға;  
5) тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарынан олардың 
қызметi  туралы  ақпарат  алуға,  соның  iшiнде  бухгалтерлiк  есептiң,  есеп  берудiң 
мәлiметтерiмен және басқа да құжаттамалармен жарғыда белгiленген тәртiппен танысуға;  
6)  тұтыну  кооперативiнiң  атқарушы,  бақылаушы  және  өзге  де  органдарының  заңсыз 
әрекеттерiне тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысына шағым жасауға;  
7)  тұтыну  кооперативiнiң  атқарушы,  бақылаушы  және  өзге  де  органдарының  өз 
мүдделерiн қозғайтын шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға;  
8) тұтыну кооперативi таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн 
қалған  мүлiктiң  бiр  бөлiгiнiң  құнын  немесе  тұтыну  кооперативi  мүшелерiнiң  келісімi 
бойынша  мүлiктiк  (пайлық)  жарнасына  бара-бар  заттай  түрде  осы  мүлiктiң  бiр  бөлiгiн 
алуға;  
9)  тұтыну  кооперативiнiң  мүлкіндегі  өз  үлесiн  бөлуге  және  кооперативтен  шыққан 
жағдайда  оның  құнын  немесе  тұтыну  кооперативi  мүшесiнiң  келісімi  бойынша  мүлiктi 
өзiнiң мүлiктiк (пайлық) жарнасына бара-бар заттай түрде алуға;  
10)  тұтыну  кооперативіндегі  өз  еңбегi  үшiн  жалақы  нысанында  немесе  жарғыда 
белгiленген өзге де нысанда сыйақы алуға құқылы.  
Тұтыну  кооперативiнiң  жарғысымен  мүшелерiнiң  Қазақстан  Республикасының 
заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтары белгiленуi мүмкін. 
15-бап. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң мiндеттерi  
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi:  
1) жарғыны бұзбауға;  
2)  жалпы  жиналыстың,  атқарушы,  бақылаушы  және  өзге  де  органдарының 
шешiмдерiн орындауға;  
3)  тұтыну  кооперативi  алдындағы  оның  қызметiне  қатысу  жөнiнде  жарғыда 
белгiленген өз мiндеттемелерiн орындауға;  
4)  жарғыда  белгiленген  мөлшерде,  тәртiп  пен  мерзiмде  мүлiктiк  (пайлық)  жарна 
төлеуге мiндеттi.  
Тұтыну  кооперативiнiң  мүшелерi  тұтыну  кооперативiнiң  жарғысында  көзделген, 
Қазақстан  Республикасының  заңдарына  қайшы  келмейтiн  басқа  да  мiндеттердi  атқаруы 
мүмкiн. 
16-бап. Тұтыну кооперативiне мүшелiктiң тоқтатылуы  
1. Тұтыну кооперативiне мүшелiк:  
1) өз еркiмен шыққан;  


2) шығарылған;  
3) мүліктегі үлесі құқығынан айрылған;  
4) тұтыну кооперативінің мүшесi  болып табылатын азамат қайтыс болған,  Қазақстан 
Республикасының  заңдарында  белгiленген  тәртiппен  ол  өлдi  деп  жарияланған,  хабар-
ошарсыз кеткен деп танылған;  
5) тұтыну кооперативiнiң мүшесi болып табылатын заңды тұлға таратылған;  
6) тұтыну кооперативi таратылған жағдайларда тоқтатылады.  
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшесi өз еркiмен шыққан жағдайда тұтыну кооперативiнiң 
мүлкіндегі  енгiзген  мүлiктiк  (пайлық)  жарнасына  бара-бар  өз  үлесiн  осы  Заңда 
белгiленген тәртiппен бөлiп алуға құқығы бар.  
3.  Тұтыну  кооперативiнiң  мүшесi  өзiнiң  жарғыда  белгiленген  мiндеттерiн  дәлелсiз 
себептермен  орындамаған  не  тұтыну  кооперативiне  залал  келтiретiн  қасақана  әрекеттер 
жасаған  жағдайда  жалпы  жиналыстың  шешімімен  тұтыну  кооперативінен  шығарылуы 
мүмкін.  
Тұтыну  кооперативiнiң  атқарушы  органы  кооперативтiң  мүшесiне  оны  тұтыну 
кооперативiнен шығару жөніндегі мәселенiң жалпы жиналысқа енгiзiлу себептерi туралы 
кем дегенде он күн бұрын жазбаша түрде хабарлауға және оны аталған жалпы жиналысқа 
шақырып, онда оған өз пiкiрiн айтуға құқық берiлуге тиiс.  
Тұтыну  кооперативiнiң  шығарылатын  мүшесi  тұтыну  кооперативiнiң  жалпы 
жиналысына  дәлелдi  себептерсiз  қатыспаған  жағдайда  жиналыс  оны  шығару  туралы 
шешiмдi  өзiнiң  қатысуынсыз  қабылдауға  құқылы.  Егер  жиналысқа  қатысушылардың 
үштен екiсi жақтап дауыс берсе, шешiм қабылданған болып есептеледi.  
Тұтыну  кооперативiнен  шығарылған  мүшеге  тұтыну  кооперативiнiң  мүлкіндегі  үлесi 
енгiзген  мүлiктiк  (пайлық)  жарнасына  бара-бар,  осы  Заңда  белгiленген  тәртiппен  бөлiп 
берiледi.  
Жалпы  жиналыстың  тұтыну  кооперативi  мүшесiн  кооперативтен  шығару  туралы 
шешiмiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.  
4.  Тұтыну  кооперативiнiң  мүлкіндегі  үлеске  құқығынан  айрылған  тұтыну 
кооперативiнiң мүшесi өзiнiң тұтыну кооперативiне мүшелiгiн тоқтатады.  
Үлестен:  
1) сату;  
2) сыйға тарту;  
3) өзге де түрде иелiк ету;  
4) сот шешiмi негiздерiнде айрылады.  
Мүлiктегi  үлес  құқығынан  айрылған  тұтыну  кооперативiнiң  мүшесi  бұл  туралы 
тұтыну кооперативінің атқарушы органына хабарлайды. Тұтыну кооперативiнiң атқарушы 
органына мұндай ақпаратты мүлiктегi үлеске құқық алған адамдар табыс ете алады.  
Мүше мүлiктегi үлес құқығынан айрылған жағдайда тұтыну кооперативiне мүшелiктi 
тоқтату тұтыну кооперативi атқарушы органының шешiмiмен ресiмделедi.  
5.  Тұтыну  кооперативiнiң  мүшесi  болып  табылатын  азамат  қайтыс  болған,  ол 
белгiленген  тәртiппен  хабар-ошарсыз  кеттi  деп  танылған  немесе  өлдi  деп  жарияланған 
жағдайда оның тұтыну кооперативіне мүшелiгі тоқтатылады.  
Тұтыну  кооперативiнiң  атқарушы  органы  тұтыну  кооперативiнiң  қайтыс  болған 
мүшесiнiң ол қайтыс болған, ол белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп танылған 
немесе өлдi деп жарияланған күнгi мүлiктегi үлесiн мұрагерлерiне төлеу үшiн осы Заңда 
белгiленген тәртiппен оның үлесiне бара-бар бөлiп бередi.  
6.  Атқарушы  орган  тұтыну  кооперативiне  мүшелiк  тоқтатылған  барлық  жағдайлар 
туралы тұтыну кооперативiнiң мүшелерiне хабарлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет