4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) уәкілетті органды айқындайды;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру
қағидаларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;
4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін
айқындайды;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.