11
«
Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курсы ақпаратты сыни
қабылдау дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын, дұрыс шешім
қабылдауды, эмоционалды сауаттылықты дамытудың теориялық және
практикалық аспектілерін қамтиды.
«
Медиасауаттылық» курсы білім алушыларды ақпаратпен жұмыс
істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты
ажырата білуге үйретеді.
«
Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу құқықтық және діни
сауаттылықты қалыптастыруға, білім алушыларда этномәдени және дінаралық
келісім негізінде азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
«
Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін» оқи отырып, білім алушылар
кәсіпкерлік негіздерін, қаржылық сауаттылықты үйренеді, экономика,
менеджмент, маркетинг бойынша базалық білім алады, қазіргі нарықтық
жағдайларда дербес қызмет ету үшін қажетті кәсіпкерлік ойлау дағдыларын
меңгереді.
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсын «Биология», «Қазақстан тарихы»,
«Дүниежүзі тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» пәндерінің
мұғалімдері мен біліктілікті арттыру курстарынан өткен, сертификаттары бар
басқа да
мұғалімдер, әлеуметтік
педагогтер, психологтар жүргізе алады.
2021-2022 оқу жылында ресурстар болған жағдайда педагогикалық
кеңестің шешімімен 6-сыныпта «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде домбыра
тартуды үйретуге болады (аптасына 1 сағат). Домбыра тартуды үйрету
мүмкіндігі болмаған жағдайда «Музыка» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы
толық жүзеге асырылады. Мектептің даярлығына қарай және білім
алушылардың қалауы бойынша домбыра тартуды үйретуге оқыту тіліне
қарамастан барлық мектептер ауыса алады.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар
оркестрінің
,
«Отырар сазы»
мемлекеттік академиялық фольклорлық-
этнографиялық
оркестрлерінің
тұрақты
шетелдік
турлары,
Димаш
Құдайбергеннің, басқа да кәсіби ұжымдар мен орындаушылардың әлемнің
әйгілі сахналарында жиі өнер көрсетуі бүкіл әлемде домбыраға деген жоғары
қызығушылық тудырды.
Білім алушылар тек домбыра тартуды ғана үйреніп қоймай, сонымен
қатар халық композиторларының шығармашылығымен, қазақ музыкасының
тарихымен, Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова
және басқа да қазақ халқының ұлттық өнері тұлғалары салған дәстүрлермен
танысады. «Домбыра» курсын жүргізу үшін Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-
ның
www.nao.kz. сайтында орналастырылған ресурстар ұсынылады.
Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында барлық
сыныптарда үлгілік оқу жоспарындағы «Дене шынықтыру» пәнінің үш
сағатының бір сағаты «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Үстел теннисі»
ойындарына, спорттық, бал биі, хореографияны оқытуға ұсынылады. Бұл
сабақтарды өткізу үшін мектеп холдарындағы арнайы бөлінген орындарды
пайдалануға болады.
12
Бастауыш сыныптарда әрбір сабақта дене жаттығуларын (сергіту сәті)
өткізу қажет.
Білім алушының
дене дамуының мониторингін жүргізу бойынша
«Денсаулық» арнайы жұмыс тобына арналған ұсынымдар www.nao.kz.
сайтында орналастырылған.
1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді.
2-11 (12) сыныптарда күнделікті формативті бағалау жүргізіледі.
2-11 (12) сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден 10-ға дейінгі
балмен бағаланады.
Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары
бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.
Жеке меншік білім беру ұйымдары да «Күнделік» электрондық журналына
қосыла алады. Ол үшін https://kundelik.kz/ сайтына қосылуға өтінім беруі қажет
(«ББҰ қосу» командасы)
«Күнделік» электрондық журналын пайдалануға қатысты кез келген
қиындықтар
туындаған
жағдайда
8(727)313-18-32
телефонына
немесе
team@kundelik.kz қолдау қызметіне хабарласуға болады.
Электронды журналды жүргізуге қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен
жауаптар www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
Сабақ кестесін құруда мектеп әкімшілігіне әрбір сыныптағы пәндер
бойынша оқу сағаттарының нормаларын, мектептің материалдық-техникалық
базасы мен кадр ресурстарын ескере отырып, автоматтандырылған
бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Білім алушылардың бір күндік және
апта ішіндегі ой еңбегінің жұмысқа қабілеттілігі динамикасын ескеру және
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді
қиындығына қарай саралау кестесін пайдалану қажет (ҚР ДСМ 2021 жылғы
5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы).
Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылады. Осы
жағдайда сабақтардың тақырыптары/оқу мақсаттары оқу бағдарламасының
Достарыңызбен бөлісу: