Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет180/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   369
 
«Физика» оқу пәні  
«Физика»  пәнін  оқыту  мақсаты  –  білім  алушылардың  ғылыми 
дүиетанымдық  негіздерін,  әлемнің  жаратылыстану-ғылыми  бейнесін  тұтастай 
қабылдауын,  өмірде  маңызды  практикалық  мәселелерді  шешуде  табиғат 
құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.  
7-9-сыныптарда «Физика» пәні төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік 
оқу жоспарының (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен өзгертулер мен 
толықтырулар  енгізілді)  негізінде  және  үлгілік  оқу  бағдарламасымен 
оқытылады (2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығы). 
«Физика»  оқу  пәнінен  төмендетілген  оқу  жүктемесімен  әзірленген  7-9-
сыныптарға арналған Үлгілік оқу бағдарламасында пән бойынша жаңартылған 
мазмұнның үгілік оқу бағдарламасының бөлімдері толығымен сақталған, оқыту 
мақсаттары жүйеленді.  
Оқу  жоспарының  көлемін 1 сағатқа дейін төмендету үшін қажет болған 
жағдайда «*» белгісі қойылған тақырыптарды біріктіру ұсынылады. 
Жүктеменің  сағатын  көбейту  үшін  7-9-сыныптарда  «Физика»  пәні 
бойынша төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары (2021 жылғы 26 
наурыздағы № 125 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді) негізінде  
әзірленген ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны сақталады. 
Оқу материалының көлемін ұлғайту үшін мұғалім «Қолданбалы физика» 
тақырыптарын  енгізе  алады,  сандық  және  сапалық  есептерді  шығару, 
практикалық  тапсырмаларды  орындау  үшін  сағаттардың  санын  көбейтуге 
мүмкіндігі бар.  
Физика  сабағында  аймақтық  және  жергілікті  аспектілерде  қолданбалы 
құндылығы  бар  оқушылардың  жобалық  қызметін  ұйымдастыру,  физика 
саласындағы Қазақстанның ғылыми жетістіктерін зерттеу ұсынылады. 


172 
 
8-9-сыныптарда 
«Физика»  пәнін  оқытуда  пәннің  практикалық 
бағыттылығы күшейтіледі.
 
 
56-кестеде 
«Физика» 
пәнінен 
(7-9-сыныптар) 
оқу 
жүктемесі 
төмендетілген  Үлгілік  оқу  жоспарына  негізделген  әр  тоқсан  сайын  өткізілетін 
бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
 
көрсетілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет