247
«Алгебра және анализ бастамалары» пәндерінен ғана төмендетілген.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша
Үлгілік оқу бағдарламалары әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілді. Аталған оқу
бағдарламаларын академия www.nao.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары»,
«Геометрия» оқу пәндерін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-
үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның
логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту
арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға
мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге
қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның
біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.
«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» оқу пәндерін оқыту
мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау
қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту;
практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды
жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Үлгілік оқу бағдарламаларының түрлеріне қарай жалпы орта білім беру
деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерінің
базалық білім мазмұны мен оқыту мақсаттарының жүйелеріне тоқталайық.
1
. Үлгілік оқу бағдарламаларына (төмендетілген оқу жүктемесімен)
сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 10-11-сыныптарда
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқытуға аптасына 3 сағат бөлінген.
Осыған
байланысты
жаңартылған
мазмұнның
үлгілік
оқу
бағдарламаларында берілген келесі бөлімдер мен бөлімшелер қысқартылды:
– «Функция, оның қасиеттері және графигі» бөлімінен «Бөлшек-сызықты
функция»;
– «Кері
тригонометриялық
функциялар»
бөлімінен
«Кері
тригонометриялық
функциялары бар қарапайым теңдеулер»;
– «Туынды» бөлімінен «Кері тригонометриялық функциялардың
туындылары»;
– «Туындының қолданылуы» бөлімінен «Функция графигінің иілу
нүктелері, функция графигінің дөңестігі»;
– «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөлімінен
«Үлкен сандар заңы»;
– «Ықтималдық» бөлімінен «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы
(натурал көрсеткішті)», «Толық ықтималдық формуласы және Байес
формуласы», «Бернулли формуласы және оның салдарлары», «Нақты
құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері»;
– «Алғашқы функция және интеграл» бөлімінен «Интегралдау әдістері»
тақырыбы;
– «Көпмүшелер» бөлімі;
– «Комплекс сандар» бөлімі;
– «Дифференциалдық теңдеулер» бөлімі
.
248
2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 10-11-сыныптарда «Алгебра
және анализ бастамалары» пәнін оқытуға аптасына 2 сағат бөлінген. Осыған
байланысты жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламаларында берілген
«Математикалық статистика элементтері» бөлімі (Басты жиын және таңдама.
Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық
сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау) қысқартылды.
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта
білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау,
оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының»
14-5-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен
артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына (жаңартылған мазмұнның) сәйкес
жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта
оқытылатын «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінен өткізілетін бөлім
бойынша жиынтық бағалау саны 75-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: