313
тізбесі мен мақсаты. Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету
ережелері. Жүрек қызметі мен тыныс алудың кенеттен тоқтаған кездегі алғашқы
көмек көрсету. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық-
практикалық, практикалық және бақылау сабақтары болып табылады.
«
Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11-сыныпта
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16
сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери және технологиялық
дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір
қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу
процесі кезінде жүргізіледі.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан
тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық
дайындық»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу
жиынына (лагерьлік) вариативтік бөлімнен 30 сағат қарастырылған;
2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша сынақ
қоюға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының білім және ғылым минстрінің 26.11.2019 № 509
бұйрығының 15-тармағына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық
дайындық» пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша
жартыжылдықта және оқу жылының соңында білім алушылардың оқу жетістіктерін
бағалауда «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: