Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет341/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   369
9. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 
 
2021-2022  оқу  жылында  критериалды  бағалау  жүйесі  2-11-сыныптарда  жүзеге 
асырылады. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. 
2016  жылдан  бастап  енгізілген  критериалды  бағалау  нақты  өлшенетін 
критерийлер  негізінде  бағалауды  жүргізуге,  білім  алушылардың  өз  оқу  іс-әрекетін 
бақылауға  және  бағалауға,  оқу  процесін  түзетуге,  оқу  процесінде  туындайтын 
қиындықтардың себептерін анықтау мен жою қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
Әрбір сабақта білім алушыларды уақытылы қолдау, оқуда ілгерілеу, балаларды 
оқуға ынталандыру, білімдегі олқылықтарды анықтау және олардың оқу жетістіктерін 
көрсету мақсатында формативті бағалауды пайдалану ұсынылады. 
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдысының даму деңгейін бағалауға 
мүмкіндік  береді.  Әрбір  сабақ  оқу  мақсатын  және  оларға  қол  жеткізу  критерийлерін 
айтып, көрсетуден басталуы тиіс. Білім алушы қойылған оқу мақсатын ұғынуы керек  
және оған қалай жетуге болатынын түсінуі керек. 
Критериалды  бағалау  технологиясы  білім  алушылардың  жетістіктері    нақты 
анықталғанын,  алдын  ала  белгілі  өлшемдермен  салыстыруға  негізделгенін,  оқу 
материалының 
қаншалықты 
табысты 
игерілгендігін, 
практикалық 
дағды 
қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді.  
Педагог,  ата-аналар  және  білім  алушыларға  көмек  ретінде  әзірленген 
нормативтік  құқықтық  актілер  мен  әдістемелік  материалдарға  сәйкес  бағалауды 
жүргізуі тиіс: 
-  «Білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды 


359 
 
мемлекеттік  аттестаттау  жүргізудің  үлгі  ережесін  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  -нің  2008 
жылғы  18  наурыздағы  №  125  бұйрығы  (2020  жылғы  28  тамыздағы  өзгерістер  мен 
толықтыруларға сәйкес);     
- Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау 
мен құжаттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулық;  
- Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; 
- Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау 
бойынша нұсқаулық: оқу-әдістемелік құрал; 
-  сыныптар,  пәндер  және  тілдер  бөлінісінде  формативті  бағалау  бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
-  сыныптар,  пәндер  және  тілдер  бөлінісінде  жиынтық  бағалау  бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
-  сыныптар,  пәндер  және  тілдер  бөлінісінде  жиынтық  бағалау  бойынша 
әдістемелік ұсынымдар; 
Әдістемелік әзірлемелерді nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан табуға болады. 
Формативті  бағалау,  БЖБ  және  ТЖБ  қорытындысы  бойынша  (білім 
алушылардың    оқу  жетістігі)  баллдар  электрондық  журналға,    электрондық  журнал 
болмаған жағдайда  қағаз журналға қойылады. 
Педагог  2-11-сыныптарда    пән  бойынша  ФБ,  БЖБ  және  ТЖБ-ды  «Білім 
алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін 
бекіту 
туралы» 
ҚР 
БҒМ-нің 
2008 
жылғы 
18 
наурыздағы  
№ 125 бұйрығына (өзгерістермен және толықтырулармен....) сәйкес өткізеді 
Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантиндік сипаттағы төтенше жағдайлар 
кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 
2-11-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін формативті бағалау бір балдан 10 
балға  дейінгі  шекте  жүзеге  асырылады.  Кері  байланыс  беру  үшін  электронды 
журналдың рубрикаторларын пайдаланады. 
Әрбір  оқушының  оқу  жетістіктерін  балл  қою  арқылы  әр  сабақта  формативті 
бағалау міндетті емес. 
Педагог  орындалған  жұмыс  көлемін,  оқу  тапсырмаларын  ескере  отырып,  оқу 
жетістіктері  үшін  балл  қою  кезеңдерін  және  сабақ  үшін  балл  қойылатын  білім 
алушылардың санын дербес айқындайды. 
Қорытынды бағаны  электрондық  журнал  форматында шығару  кезінде  баллдар 
саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет