Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі педкеңестің шешімімен белгіленеді. Қорытынды аттестаттаудан өткен соң шетелде оқыған пәндер бойынша
бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда
алынған жылдық және қорытынды бағаларын ескере отырып, оларға № 39
бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және онда
білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе
шетелде оқу кезеңінде 5 сыныптан 11 (12) сыныпты қоса алғандағы оқу кезеңінде
барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған және
қорытынды аттестаттау бағалары «5»болған бітірушілерге № 39 бұйрықпен
бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білімі туралы «Алтын белгі» аттестаты
және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
Білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және
өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар www.nao.kz сайтында қолжетімді.