3. Білім беру ұйымы құқылы:
1) білім алушыдан осы Шартқа және білім беру ұйымының Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес
міндеттерін адал және тиісті орындауды, сондай-ақ Академиялық адалдық қағидаларын, оқу
тәртібін сақтауды, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім
алушыларына әдепті және құрметпен қарауды талап етуге;
2) білім алушыға оқу тәртібін, осы Шарттың талаптарын, Ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны
үшін ықпал ету шараларын қолдануға;
3) білім алушыдан білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарауды, компьютерлік және
басқа да техникамен жұмыс істеу ережелерін сақтауды талап етуге. Білім алушының
әрекеттерімен материалдық залал келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен оны қалпына келтіруге жұмсалған
шығындарды өтеуді талап етуге;
4) білім алушыны оқу, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін
көтермелеу мен сыйақы беруді жүзеге асыруға;
5) ерекше жағдайларда Университетте оқу үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер беру
туралы ережеге сәйкес ақы төлеу тәртібіне байланысты оқу үшін жеке жеңілдіктер
қарастыруға;
6) мынадай себептер бойынша шартты біржақты тәртіппен бұзуға: Академиялық адалдық
қағидаттарын, оқу тәртібін бұзғаны үшін, ішкі тәртіп ережелерін, корпоративтік этика
кодексін және білім беру ұйымының Жарғысын бұзғаны үшін, шарттық міндеттемелерді
орындамағаны үшін, басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты, қаржылық берешегі
үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де
жағдайлардамынадай себептер бойынша Шартты біржақты тәртіппен бұзуға: оқу тәртібін
бұзғаны үшін, ішкі тәртіп ережелерін және білім беру ұйымының Жарғысын бұзғаны үшін,
басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты шарттық міндеттемелерді орындамағаны
үшін, қаржылық берешегі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
Достарыңызбен бөлісу: |