Буынжазу. Логограммалар шумер тілінің жалғамалы сипа-
тына дәлірек келгенмен, кісі есімдерін, жауланған жер, халық
атауларын жазуда қиындық тудырды. Сөйтіп, шумер халқы
тағы да алғашқы болып, буынжазу жасады (б.э.д. ІІІ мыңж.).
Оған:
а) тілдегі ортақ аффиксті бір буынмен беру жеңілдігі, ә)
бір буыннан тұратын омоним сөздің көптігі әсер етті.
Егер ІV мыңжылдықта шумер логограммасы 1500-ден
артыл-са, ІІІ мыңж.-та 600-ге дейін қысқарды. Шумер
буынжазуында дауыссыз дыбыс таңбасы мүлде болмады.
Логограммаларда де-ректі таңбалардың қосындысы көп болды.
Буын жазу Ассирия, Финикий, Кипр, Жапонияда дамыды.
Сонымен, ең алғашқы буынжазу Тигр мен Ефрат өзендерінің
аралығындағы Месопотомия өлкесінде, шумер елінде б.э.д. 3100
ж. пайда болды.
Дыбысжазу. Вавилондықтар шумер мен аккад мәдениетін
пайдаланып гүлденді. Бірақ шумердің буынжазуы вавилон-
дықтардың:
а) консонантты жүйесіне,
ә) ішкі флексия сипатына,
б) қос дауыссыздың қатар келуіне, в) сөз аяғында ұяң, қатаң
дыбыстарды айыру сипатына сай
келмеді.
Жазу түрлерінің даму сатылары бойынша, буын жазудан
кейін тарих аренасына келген жазу бір дыбысқа бір таңба
сәйкескен дыбысжазу деп аталды.Оны кейде әріп-дыбысжазу
деп те атай-ды.
Дыбысжазудың екі түрі белгілі: консонантты, вокалды.
Консонантты жазу таза консонантты (египет, батыс семит жа-
зуы) және жартылай консонантты (жол үсті, асты дауысты ды-
быс белгілері бар) болып бөлінеді.
Консонантты жазу б.э.д. ІІ мыңж. жатса, вокалды жазу б.э.д.
І мыңж. жатады.
Дауыстыларды белгілеуіне қарай алфавит үшке бөлінді: І
тип – грек, латын алфавиті (дауыстылар арнайы таңбамен
белгіленді). ІІ тип – арамей, еврей, араб әліпбиі (дауыстылар
диакритикалық таңбамен беріледі). ІІІ тип – үнді әліпбиі (дау-
ыстылар диакритикалық белгілермен немесе таңбалардың ішкі
модификацияларымен берілді).
Консонантты жазу ең алғаш египет жазуында пайда болды.
Оның себебі, В.А.Истриннің айтуынша, ежелгі египет тілінің
семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, арамей) ортақ бел-
гілері болуында, яғни дауыссыз дыбыс ерекше грамматикалық
мағынаға ие болды да, дауысты дыбыс көмекші функцияда
жұмсалды.
Египет тіліндегі 3300 түбірдің 2200-і үш дауыссыздан, 600-і
алты дауыссыздан, 400-і екі дауыссыздан тұрған. Египет
жазуының 26 әрпінің 4-еуі (a, e, j, w) кейде ғана дауыстының
таңбасын берген.
И.Гельб пен Дьяконовтың пайымдауынша, кез келген консо-
нантты жазу дауыссыз бен қандай да бір дауыстының тіркесін
береді. И.Фридрих та бір дауыссыз дыбыс әрпі дауысты мен да-
уыссыз дыбыс тіркесін берді деп, Минерва сөзінің MNRVA деп
жазылғанын мысалға келтіреді.
Этрус жазуларында l, m, n, s, f әріптері силлабема ретінде
қаралды: c-ке, k-ка, q-ку деп аталды. Сондықтан екі дыбысқа бір
18
19
таңба арналды, егер дауысты дыбыс таңбасы болса, ол тек туын-
ды сөздің грамматикалық формаларын берді дейді. Мысалы, ktl – “өлтіру”, KeToL- тұйық етістік, KoTeL – “жан алғыш”, KaTuh –“өлген” д.с.
Египет консонантты жазуында кейде логограммалар, морфе-
мограммалар да кездесіп отырды. \