Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет9/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

СуретжазуСурет өнерінен бөлініп шыққан жазу да қоғамдық
ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы бол-ды.
Адам өзінің көрген-білгенін, басынан кешкен оқиғаларын немесе
сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды, сондай-
14
15


ақ шаруашылық есеп, мал, адам санағын тау, тас, ағаш, еңбек,
тұрмыс   құралдарына   қашап,   кертіп   салды   (towrite  –   “жазу”,
көнескандинавиялық  rita – “керту”, “тырнау” деген мағынаны
береді).
Алғашында   адам   айналасындағыларды   ескермей,   тек   өз
басындағы  ой,   сезімді   табиғат   құралдарына   белгілеп,   сыртқа
шығарып, қанағат тапты. Бара-бара оның “туындыларын” өзге-
лер де қарап, бірді-екілі оқиға, құбылыстарды түсінетін болды.
Әрине, жазудың канондық сипаты сол дәуірлерде-ақ айқындал-
ған   болатын.   Себебі   қолынан  сурет   салу   келетін   қасиеті   бар
және өз ойын сыртқа көркемдеп жеткізе білетін адамдар бірді-
екілі болды да, ол “жоғарыдан түскен”, “құдай жіберген” адам-
дай көрінді.
Бұл   жазу  тарихын   зерттеушілердің   көбі   жазу  түріне   жат-
қызбайтын   пиктографиялық,  суретжазу  еді.   Ғалымдар   оны
көбіне өнер, магия тарихына апарады.
Д.Дирингер   полеолит  дәуіріндегі   суреттер   біреуге   бірдеме
хабарлау мақсатынан  тумаған  сияқты,  олар тек өз сезімдерін
сыртқа шығару үшін ғана керек болды деген.
Жазу   типтері   адамзат   сөйлеуінің   сатыларына   сәйкес   пайда
болып отырады. Ең алғашқы жазулардың сурет, идеограмма, ло-
гограмма   болған   себебі   –   тілдің   сөйлем   мүшелеріне   бөлінбей,
синкретті   түрде   қолданылуынан.  Дыбысжазу,  буынжазу  сөздің
дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап шықты.
Жазу кезеңдерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен
өлшенеді. Сондықтан жазу типтері мен түрлерінің пайда болуы
өндірістің, экономиканың дамуы мен қоғамдық, экономика-лық
қатынастардың   жетілу   дәрежесіне   қатысты.   Осыған   орай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет