Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет135/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

і, бірде j белгісімен, <ғ>-ны қ таңбасымен, [дж] дыбыс тіркесін
– n әрпімен және <л> фонемасын латын графикасындағы l-мен
берілуі болып табылады.
Б.Әбілқасымов   архив   деректері   Н.И.Ильминский   мен
В.В.Радловтың   қазақ   тіліне   икемдеп   жасаған   әліпбилері   Ресей
университеті оқымыстылары тарапынан қолдау көрмегенін, орыс
алфавиті   өзгертусіз   қолдануы   керек   деген   ұсыныстар   басым
болғанын  көрсетті  дейді.  Оған  мына  дәлелдер келтірілген  дейді
автор: 1) тілдің барлық оттенкісін бере алатын дүние жүзінде бір
де   бір   жетілген   алфавит   жоқ,   бірақ   одан   тілге   келген   қиындық
байқалмайды;   2)   араб   әліппесі   түркі   халықтарының   дыбыстық
құрылысына үйлеспесе де, осы алфавитпен олар осы кезге дейін
пайдаланып   келді;   3)   европа   тілдері   үшін   пайдалануға   толық
икемді орыс әліппесі араб алфавитіне қарағанда, осы күйінде де
қазақ тіліне әбден жарайды.
Бірақ   В.В.Радловтың   Қазан   университеті   жанындағы   архео-
логия,   тарих   этнография   қоғамының   мәжілісінде   жасаған   баян-
дамасынан кейін орыс алфавитін сол қалпында түркі жұртының
жазуына қолдануға болмайды деген пікір қалыптасқанын
көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет