таңба арқылы берілген? a) /уау/
b) /һе/
c) /ии/
d) /иа/
9) Интервокал позициядағы «қ» фонемасы қандай әріппен берілген? a) «һ»
b) «к»
c) «х» d) «ф»
10) Араб жазуын оқу қандай әдіске негізделген? a) Логикалық
b) Синтетикалық
c) Лексикологиялық
d) Грамматикалық
9-дәріс. Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилері Араб графикасының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін бе-
рудегі қолайсыздығы, омографтардың көбейіп кетуінен мәтін
мағынасын түсіну кейде қиын болды. 19 ғ. аяғында Ресей
үкіметі саясатының есебінен орыс жазуына көшу бағыты шыға
баста-ды. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру
туралы мәселе ресми түрде қолға алынды. Алғашқы әліпбилер
жасала бастады.
Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жо-
басын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі
қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мына-
дай болды: ă –<ә>, ŏ- <ө>, у –< ү>, і – <і>, ы – <ы>, н – <ң>, к-