Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет139/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

Қ.Жұбанов:   “...  Бұл   жүйе   қазақ   тілінің   ерекшелігіне   әбден
лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмай-ды),
қазіргі   алған   жаңа   әліпбиімізге   де   өте   қолайлы,   өйткені   араб
жазуын   таңбалау   табиғатына   мұның   еш   қатысы   жоқ   және   дәл
сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді” деген болатын.
Ал проф. А.Байтұрсынұлы әліпбиінің басқа да ғалымдар-дың
еңбегіне арқау болғанын алғаш дәлелдеген ғалым  М.Жүсіпұлы:
«А.Байтұрсынұлы
 
жасаған
 
сингарфмоалфа-вит
 
пен
сингармоорфографияның принциптерін 30-40 жылдан соң АҚШ-
тың   ғұлама   ғалымы   Р.О.Якобсон   ұсынған   орфогра-фия
принциптерімен   салыстырып,   А.А.Реформатскийдің   қазақ
жазуының   жобасының   ұтымды   екендігін   сүйіспеншілікпен
айтқанын келтіреді: «Жазуда әріптердің жуан я жіңішке екен-дігін
таңбалайтын   Р.О.Якобсон   ұсынған   графикалық   әдіс,   ғылыми
маңызы   биік   қазақ   орфографиясының   талантты   жоба-сына   өте
ұқсайды. Қазақ тілінің орфографиясының жобасында сөздің жуан,
жіңішкелігін   белгілейтін   таңба   (дәйекші)   сөздің   құрамындағы
әріптермен   бірге   емес,   сөздің   «сыртында»   тұрады.   Р.О.Якобсон
жасаған   ұсыныс   та   дәл   осы   әдістің   өзі.   Бірақ   бұл   жағдайда
қосымша   таңба   сөздің   «сыртында»   емес,   сөздің   «ішін-де»
дауыссыз   әріптермен   бірге   жазылып,   сөздің   жуан   я   жіңішке
екендігін   білдіріп   тұрады».   Және   Н.Ф.Яковлевтің   әліпби
жасаудағы математикалық формуласына негіз болған басты при-
нциптер   тікелей   А.Байтұрсынұлының   ғылыми   еңбегімен   байла-
нысты   екенін,   А.Байтұрсынұлының   1912   жылы   қазақ   тілінде
жарияланған еңбектері мен Н.Ф.Яковлевтің 1926 жылы жазы-
лып, 1928 жылы жарияланған мақаласында ұқсайтын пікірлер,
ғылыми   тұжырымдардың   кездесетінін   былай   қатар   сөйлете
оты-рып, дәлелдейді:
1) А.Байтұрсынұлы: «… дауысты дыбыстар жуан айтылса
олардың   қатарындағы   дауыссыз   дыбыстар   да   жуан
айтылмақшы,   дауысты   дыбыстар   жіңішке   айтылса   дауыссыз
дыбыстар да жіңішке айтылмақшы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет