гілер арқылы мәтін мазмұны сол графикалық портретімен қоса
адам санасына қабылданады. Ішкі сөйлеу жазба тілдегі синтак-
систік құрылымды ауызша тілдің синтаксистік құрылымына
айналдыруды қажетсінбей-ақ, санасында орналасқан сауатты
адамның елесіне сәйкес, жайылма сөйлемді, ықшамдап, екшеп,
предикатты қатынасқа түсіреді. Сөйтіп, жазылған сөйлемнің
мазмұнын ойға көшіреді. Белгілі мотивтен пайда болған ой
(ойлау) сыртқа шығатын мақсаты айқындалғанда (ішкі сөйлеу)
және ол жазу арқылы таңбаға айналатынында (сыртқы сөйлеу),
алдымен, әрине, ауызша тілдің грамматикалық құрылымына
көшіріледі. Жазба тілаудиториясының көмескілігі, вербалды
емес коммуникативтік құралдардың жоқтығы жазба мәтіннің
грамматикалық құрылымын жаңа сатыға көтереді. Бұл кейде
ішкі сөйлеу мазмұнына дәл шықса, кейде тереңдеп, мотивті
айқындайды.
Сонымен, жазу-ой қатынасын былай көрсетуге болады (1-
су-рет):
Жазба мәтін
графикалық контекст
графикалық портрет
Үстіңгі синтаксистік құрылымды қабылдау
ішкі сөйлеу
түсінік, ойлау
Достарыңызбен бөлісу: