дүниежүзілік аренаға шығу үшін, халықтың компьютерлік са-
уатын арттыру үшін, техникалық прогреске ілесу үшін қажет де-
ген көзқарас басым болды. Мысалы, Н.А. Айтқожин: “Ендігі жазу
алдыңғы қатарлы технология, күрделі баспахана құрылғылары
әртүрлі саладағы жоғарғы білікті мамандардың қатысуынсыз
шешіле алмайды. Компьютердің стихиялы түрде таралып кетуі,
ортақ стандарт шрифтің болмауы бұл мәселенің әлеуметтік-саяси
мәні бар екенін байқатады, компьютердің басқыш-тетігі минутына
600-1000 таңбаға дейін салуға арналған, неге біз оны
пайдаланбаймыз” деді. “Ни один из тюркоязычных алфавитов,
основанных на кириллице не попал в перечень алфавитов, кото-
рое поддерживаются программным обеспечением современных
компьютеров” деді тағы да автор (Айтхожин Н.А. Вопросы ре-
формы казахского алфавита // Саясат. 1998. № 12).
Ал А. Мереке электронды пошта, пейджинг саласында қазақ
әріптерінің жоқтығынан небір сорақы сөздер жазылады. Қазақ
мәтіні үшін арнайы драйвер алып жүру керек. Интернетте Web-бет
құру үшін, пейджермен хабарласуға, электронды сөздік,
электронды тілмаш жасау үшін, сөзді автоматты түрде тасымал-
дау үшін, орфографиясын жасау үшін латын жазуы керек деді
(Мереке А. Латиница объединит тюрков // Новое поколение
26.11.99).
А. Шәріпбаев қазақ әліпбиі компьютердің басқыш-тетігіндегі
ағылшын әліпбиіне сәйкес болу керек, одан өзгертудің еш негізі
жоқ; осы стандарт сақталынса ғана қазақ тілінің құрылымдық
жүйесін саралауға, компьютерлік өңдеудің ыңғайлы жүйесін
жасауға кез келген графикадағы мәтінді оқып, оны басқа
графикаға көшіруге болады деді. Сонда компьютерлендіру де-
геніміз орфографиялық, терминологиялық, фразеологиялық
сөздік жасау, қазақ тілінің грамматикасын автоматты түрде
оқыта алатын және қазақ тілін басқа тілге және кері аудара
алатын про-грамма жасау болып табылады деді (Шәріпбаев А.
Латынсыз, компьютерсіз көзіміз ашылмайды // ЕҚ. 27.12.00).
Енді бір топ әліпби ауыстырудың қажеттілігі қазақ тілін