Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Латын  әліпбиіне  көшу  жайлы  алғашқы  пікір



Pdf көрінісі
бет218/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

Латын  әліпбиіне  көшу  жайлы  алғашқы  пікір  акад.
Ә.Қайдардың 1993 жылдың 24 қазанындағы “Ана тілі” га-зетінде
жарияланған “Латын әліпбиінің болашағы зор” атты мақаласынан
бастау   алды.   Ғалым   қазақ   жазуының   жедел   түрде   орыс
графикасына көшуінің мынадай себебін келтірді: “Түркия елінің
ғалымы,   профессор   Тимур   Қожаоғлу   “Жаңа   түсінік”   га-зетіне
(09.08.1991) былай деп жазады: “Кеңес үкіметі 1927 жылы КСРО-
дағы бүкіл түркі халықтары қолданып келген араб жазуын латын
алфавитімен   ауыстырды.   Бірақ   Түркияда   да   1928ж.   латын
алфавиті   түрік   жазуы   болып   қабылданғандықтан   кеңес   бас-
шылары Анатолия түріктері мен Кеңес Одағындағы түркітілдес
халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп,
1939-1940жж. кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің
бір-бірінен парқы бар алты түрін қабылдатқызды”. Сол себеп-ті
ғалым   ендігі  әліпби  ауыстыру саясаттың  араласуынсыз   еркін
таңдауда  болатынын және ол “ұлтаралық,  халықаралық,  жал-
пы дүниежүзілік таралу деңгейі жоғары”, әрі “тілдік фактілер-
ді” дәл таңбалаудың  үлгісі ретінде ресми түрде халықаралық
фонетикалық транскрипция болып қабылданған латын жазуы
болу керектігін пайымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет