Оқуға арналған материал Жаңа әліпбиге көшіруге себеп болған түрткіжайттар Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің қажеттілігі дау
туғызбайтыны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай, ла-тын
қарпіне көшуге қатысты талқы өткен ғасырдың 90 жыл-дардан
қазірге дейін толастаған емес. Бүгінгі күні бұл мәселе БАҚ
құралдарында қызу пікірталас нысанына айналды. Латын
әліппесін жақтайтындар мен оған қарсылардың әрқайсысының
өз дәйектері бар. Қалай болғанмен де таразының латын қарпіне
көшуді қолдайтындар жағы басым түсетіні айқын, себебі қарсы
жақтың өзінде де көп пікір иелері бұл қазір орындалма-са да,
болашақта жүзеге асырылатын шара деп мойындайтыны
байқалды. Бұл мәселеге саяси бояуды қоюлатпау жөн болады.
Ең алдымен қандай пікір иесі болмасын бұны мемлекеттік
тілдің тағдыры үшін жасалған шара деп қабылдауы керек. Яғни