Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары қалай таңбаланады?



Pdf көрінісі
бет237/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары қалай таңбаланады?
Дауыстыларды   диакритикамен:  <ә>  фонемасын  ä/ă  таңба-
ларының,  <ө>  фонемасын  ц/ŏ  әріптерінің бірімен,  <ұ>  дыбы-
сын ŭ, <ү> дыбысын ь әрпімен, <ы> дыбысын э, <і> дыбысын
і әрпімен беру немесе дәйекше арқылы белгілеуге болады.
Сонда   қазақ   тілі   дауыстылары   үшін   (егер   дәйекше   қолда-
нылмаса) латын жазуының мына таңбалары лайық: -a, <ә>-
ă, <ы> – э, <і> – і, <ұ> – ŭ, <ү> – ь,  – o, <ө> – ц, <е> – е.
Дауыссыздардан
 <қ> 
фонемасының   бірнеше   таңбасы
ұсынылып жүр:  Qq,  Кк, Í í  әріптері,  ал  <к>  фонемасы үшін  Кк
және  Сс  таңбалары   тең   ұсынылып   жүр.  Егер   бір   инвари-ант
фонеманың жазуда таңбаланатын варианттары өзара ұқсас әріппен
берілуі   керек   деген   әліпби   теориясына   салсақ,   онда   жуан
дауыссызды  <қ>-к,  ал   жіңішке   дауыссызды  <к>-í  деп   таңбалау
дұрыстыққа әкеледі. Ал егер қабылданған әліпбиде сол дауысты
беруге   сәйкес   келетін   әріп   таңбасы   (мұнда,   мысалы   Qq   –   әрпі)
болса,  онда әліпби мүмкіндігін пайдалану дұрыс деп танылады.
Біздің ойымызша, <қ> фонемасы үшін басы артық диакритикалық
таңбадан   гөрі,  q  әрпін   қолдану   тиімді.   Ал  <к>  фонемасына  к
таңбасы   бар,  <ң>  фонемасын   ŋ   әрпімен,  <ш>  өзге   түркі
әліпбилеріне сай ş әрпімен таңбалаймыз.
Енді  бір
пікір  “орыс  жазуындағы  я, ю әріптері  а, у
фонемаларының   жіңішке   варианттарын   таңбалайды.
Сондықтан қазақ жазуындағы бұл әріптер өз қызметінде тұрған
жоқ,   әрі   са-уат   ашу   ісінде,   тасымал   жасауда,   буын   жігін
үйретуде   қиындық   тудыратын   таңбалар   болып   отыр.   Кейбір
сөздердің жазылуын жаттап алуға тура келеді (қояйын, аяйын)
дегенге   саяды.   Бірақ  я,   ю  әріптері   қазақтың   төл   сөздерінің
дыбысталуына   кері   әсерін  тигізгені   туралы   мәлімет   болған
емес. Бастауыш сыныпта бұл әріптерді <й> мен <а>-ның, <й>-
мен <у>-дың қосындысы деп оқытады (тек и мен у-дың дыбыс
құрамын  дұрыс   бермейді).   Дегенмен  я,  ю,  л  әріптерінің   қос
дыбыс   мәнін   беруі   сөздің   буын   құрамын   белгілеуге   зиянын
тигізіп   келді   десе   де,   жазу   үнемділігі   үшін   едәуір   жеңілдік
еткенін мойындау керек. Ендігі жазуда, мы-салы, аю, сою, қию
сөздері  ajuw, sojuw, qэjuw  деп, 2-3 әріпті, не-месе компьютер
тетігін артық басатын боламыз. Әйтпесе, ру, су, аю, қию сөздері
екі, үш әріппен жазылса да ұ-рұу, сұу, а-йұу, қы-йұу деп, 4:3, 4:5
дыбыспен айтылып, екі буыннан құралады деп үйрету ауызша
тіл мен жазба тілдің айырмашылығын көрсетер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет