Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет26/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

В.А.Истрин  сөйлеу тілді жарыққа шығаратын құрал болса,
жазу  сөйлеуді   таңбалайтын,   есте   қалдыратын   көмекші   құрал
болады деді. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктері ауызша
тілдің қашықтық пен уақыт жағынан шектеулігін, деректі аргу-
мент бола алмайтын, есте сақталынбайтын кемістіктерінің ор-
нын толтырып келе жатқанын айтады.
Сонымен,   жазудың   ауызша   тілге   қарағанда   екіншілігі   ту-
ралы   пікір   Л.В.Зиндер,   И.Е.   Гельб,   В.А.Истрин   еңбектерінде
айтылғанмен,   ғалымдардың   пайымдауларынан   жазуды   дербес
жүйе ретінде танығандарын аңғара аламыз.
Жазу   пәніне   қатысты   тіл   білімі   тарихында   жазудың
алғашқылығы   туралы   пiкiрлер   бар.   Мысалы,   Н.Я.Марр   мен
И.И.Мещанинов жазу ауызша  тілмен бір мезгілде,  тіпті  одан
бұрын   шыққан,   оның   себебі   жазудың   магиялылығынан,
жазудың қол қимылы, кинесикалық амал-тәсілдер арқылы пай-
да болғанынан деді. Яғни жазуды адамзаттың тіл арқылы емес,
ым-ишарат арқылы қарым-қатынас жасаған дәуіріне апарады.
Мұндай көзқарасты Ч.Лоукотка, Чжан Чжэн мин, Ван Гиннекан
жақтайды.
Жазу пәнін анықтаудағы келесі бағыт – жазуды өз алдына
дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп, мәртебесiн жоғарылатқан
көзқарас – әсіресе ХІХ ғасырдың ішінде жазба ескерткіштердің
табылып, оқылуы кезеңінде көтерілді.
Жазба ескерткіштердегі әріп таңбалар сол тілдің дыбыстық
құрамын   нақты   бейнелейді   деп   қабылданды.   Сондықтан
ондағы графикалық элементтер абстракті әріп-фонема ретінде
ұғынылды.
XIXғ.   аяғына   дейін   тіл   біліміне   қатысты   зерттеулердің
барлығы   жазба   дүниені   негізге   алып   жүргізді.   Жазу   ауызша
тілдің  дәл  өзі,   бейнесі,   дәлме-дәл  көшірмесі   болып  қаралды.
Младограмматиктер тіпті жазба ескерткіш арқылы сол ұлттың
ертедегі дыбыстық құрамын анықтауға болады деген түсініктен
ажырамады.   Якоб   Гримм   “Неміс   грамматикасы”   (1819)
кітабының   бірінші   тарауын   “әріптер”   туралы   (Vоn   den
Buchstaben) деп атаған.
Сондықтан  ауызша  тіл мен жазудың  арақатынасы  тура-лы
мәселе   кеш   көтерілді   деуге   болады.   Тіл   біліміне   қатысты
алғашқы еңбектерде тіл мен жазу оппозициясы болмады.
Жазуды   дербес   тіл   ретінде   қарастыру   А.Макинтош,
Дж.Маклохлина, Ф.Хаусхальдер сияқты ағылшын лингвистерінің
(40-60 ж. бермен қарай) еңбектерінде басталды. Олар ауызша тіл
ауызекі стиль, жазба тіл– әдеби стиль, белгілі бір тілдің жа-зуы
басқа әліпбимен жазылса, екі мәтінді бір тілдің материалы деуге
болмайды, ауызша тіл мен жазба тілдің өзіне тән мазмұн
34
35


және   тұрпат   межесі   болатын   болып   шығады   деді.
Ф.Хаусхальдер   әрбір   әдеби   тілдің   дамуына   жазба   тіл   негіз
болады,   көптеген   сөз   жазылған   қалпында   айтылады,   кейбір
сөздер мәтін арқылы танылады, жазба тіл алғашқы, ол ауызша
тілге әсер ететін “ата-жазба” тіл деді.
Осындай   көзқарастардың   негізінде   ХХғ.   30-40жж.   жазу
зерттеу нысанына айнала бастайды. Дыбысжазу туралы ғылым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет