БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Г.К. Макажанова
«Май жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі,
Павлодар облысы, Май ауданы, Май ауылы,
gulnaz011183@mail.ru
Қазақстан еліміз өз
тарихында жаңару мен жаңғыру кезеңдерін бастан өткеріп жатыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуындағы маңызды
мәселелерге тоқтала отырып, білім берудің бәсекеге қабілетті болуына ерекше басымдық
береді.
Күнде өзгеріс еніп жатқан заманда уақыт талабынан қалмай, бәсекеге қабілетті болу үшін
бүгінгі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енуде. Білім саласындағы басты өзгерістердің
бірі - білім мазмұнының жаңаруы. Бұл - уақыт талабынан шығуға деген талпыныстан туған
жауапты қадам. Фундаментальды білімнен функционалды білімге ауысу кезеңінде әрине,
көзқарастар қайшылығы орын алатыны айқын. Дегенмен бүгінгі күннің талабы осы. Қаншалықты
күрделі үдеріс болғанымен, бірақ осы өзгерістер, түбегейлі жаңарулар - қажеттілік. Осы нақты
бағыттарда жұмыс жасaй oтыpып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнына ие болуға қол
жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен
дамыту үшін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ордасы болуы қажeт. Бір сөзбен айтқанда біз
білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек.
12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөледі:
- жаңа білім технологияларының енгізілуі;
- оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен
өзіндік ойларын қамтамасыз етeтін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу;
- терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
- оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениет-тілік, денсаулық
сақтау және экологиялық тәрбие бeру рөлінің күшейтілуі;
- өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және
жаңадан жасау;
- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
Демек, көрініп тұрғанындай 12 жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүдесіне өзін-өзі
белсенді етуге дайын, жаңа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны
дaмыту мен қалыптастыру.
Міне осындай реформалар Қазақстанда жүргізілуде. Кез-келген елдің реформаларға
өзгеруге бет бұрған кезде білім беру жүйесін де қайта құру қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Ал
ол реформалаp өз кезегінде білім беру саласында жиналған мол оң тәжірибені сақтай отырып,
оның әрі қарай дамуына жағдайлар жасауы керек. Сонымен Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері қатарына
білім беру жүйесін дамытудың басымдығы: әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-
физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың баpлық деңгейдегі білімге
қолжетімділігі, жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарын-дылығын дамыту
көрсетіледі. Ал бұл принциптердің іс жүзіне асуы білім беру мазмұнын жаңартумен тығыз
байланысты. Сондықтан педагог мамандарды кәсіби даярлау жүйесінің де бұл үдерістен тыс
қала алмайтыны түсiнікті.
Өйткені мектеп – үйрететін орта, оның жүpегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба
білуі. Өзгермелі қoғамдағы жaңа фopмация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын
меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл
тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Наpық
жағдaйындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім бeру сапасының
жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер
қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
861
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу
ниеті.
4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5. Өз ойының дербестігі.
6. Жеке тұлғаның өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүзінде
іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – бұл мұғалімнің шығармашылық орта
қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субьект ретінде өмірлік тәжірибесін үнемі назарда
ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі. Ең маңыздысы – әр оқушының ерекше болмысын, тұлғалық
қасиеттерін мойындау. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет,
ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылады, қасиеттері қалыптасатын,
мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту алаңы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың
тұжырымдамасы баланы жан – жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай
қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігінен айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға
бағытталған бағдарламамен оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола
отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуде ықпал етуде, мұндағы басты
міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік,
дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Жеке тұлғаға арналған бағдарлама барысында білім
беру жүйесінде шығармашыл, техникада, экономика мен басқаруда жаңа жолдар мен әдістерді
таба білетін батыл да жаңашыл, ақыл – ойы дамыған адамдарды даярлауды талап етеді.
Сондықтан маематиканы оқу процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен
ізденімпаздығын арттыруға негізделген.
Мұғалім оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызуда басты рөл атқарады.
Біріншіден, оқушының мүддесіне сай жеке тұлғалық, өзіндік қызметін қалыптастырады, бұл
істің келешектегі мәнін түсіндіріп береді. Сонымен бірге мұғалім жаңа мәселелерді шешетін
қызмет мәнін жаңартып оқушы тұлғасының білімінің артуына септігін тигізеді. Әр сабақ тиімді
өту үшін, сабаққа дайындалу барысында әр сынып оқушыларының ерекшеліктерін есепке алу
қажет.
Өз тәжірибемде «топ арқылы оқыту» әдістемесінде жұмыс атқарамын. Бұл технологияда
көптеген жұмыстар білім деңгейі төмен оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізіледі және де
дарынды оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелейді. Сабақ барысында топпен
жұмысты келесі этаптар арқылы орындаймын:
•
Бірігіп жұмыс істеу арқылы жаңа сабақты бекіту;
•
Өзіндік жұмыстарды оқыту;
•
Өз білімдерін бақылау арқылы тексеру;
•
Әр деңгейлі есептерді таңдау арқылы шығару;
Жеке тұлғамен арнайы жұмыстар жүргізу үшін: оқушымен сөйлесу және оның ерекше
тұлғасына көңіл бөлу, ерекше тұлғаны оқу барысында есепке алу, психологиялық – педогогикалық
жағдай жасау арқылы сыныпта барлық оқушылардың қабілеттерін арттыру арқылы, әр
оқушының жеке қабілетін дамыту. Әр тұлғамен жеке жұмыс істеу сабақтың ең бірінші кезеңі
болып табылады және бұл оқушылардың өзіндік оқыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.
Мұндай кезеңді сабақтың басында қолдану керек. Себебі бұл кезде мұғалім әлі әр оқушының
бұл материалды қалай түсінгенін анықтай алған жоқ. Білімдеріне қарай «төмен» және «жақсы»
оқитын оқушыларға бөлмей, әр оқушының бұл сабаққа жақсы баға алғысы келетінін ескере
отырып, олардың білім деңгейіне байланысты әртүрлі тапсырмалар дайындалады. Оқушылар
өздеріне ұнаған тапсырмаларын таңдап алады және қанша тапсырма орындау керектігін
өздері шешеді. Әдетінше білім деңгейі төмен оқушылар есепті бірінші тапсырмалардан
бастап орындайды, ал білім деңгейі жоғары оқушылар ең ақырғы тапсырмадан бастайды. Бұл
тапсырманы тексеру барысында орындалған тапсырмалардың көлеміне, олардың деңгейіне,
әр оқушының жеке тұлғасына назар аударамын. Мұндай өздік жұмысын орындау барысында
мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізе алады, дер уақытында олардың жіберген қателерін
анықтап, білімдерін толтырып отыруға мүмкіндік береді. Үй жұмысын беру барысында да
олардың әртүрлі деңгейлерін есептеп отырамын, олардың қайсысын орындауда оқушылар
өздері таңдап алады. Ал оқушылардың білімін бақылаудың әртүрлі формаларын пайдалану
үлгермеушіліктің алдын алу, әр оқушының жеке белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді, Әр
оқушының білімін жеке бақылауда келесі мынадай жұмыстар атқарамын:
862
1. Ауызша бақылау жұмыстарын жүргізу – бұл оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін,
жеделдетіп есептеу білігін дамытуға ықпал етеді.
2. Математикалық диктант – қайталауға берілген тақырып бойынша сұрақтар , бұнда
ережелерді, формулаларды, алгоритмдерді, қасиеттерді, яғни теориялық білімді қаншалықты
меңгергенін және оларды пайдалану білігі мен дағдысын тексеруге болады.
3. Тест – бұл белгілі бір кезеңде оқушының дайындығының сапасын диагностикалауға
мүмкіндік береді.
4. Жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу оқушылардың математикадан білім, білік,
дағдысын ағымды және қорытындылап тексеру үшін аса маңызды.
Математика сабағында қызықты, ойын есептер шығаруға көп көңіл бөлемін. Қызықты есептер
оқу материалының меңгерілуін және ойлау процесінің тиімділігін анықтайды. Мұндай есептер
оқушының ойлау операцияларын дамытуға, математикалық түсініктерін қалыптастыруға
жағдай жасайды. Қызықты есептер шығару көбінесе байқап көріп іздену процесімен жүреді.
Ойша болжай білу әр жеке тұлғаның бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады.
Тапқырлық – шығармашылықтың ерекше көрінісі, оны талдау, салыстыру, байланыстарды
анықтау, тұжырымдау, ой қорыту нәтижесінде байқауға болады.
Сонымен қатар арнайы есепке алу дәптерін жүргізуді тиімді деп есептеймін.Онда әр оқушының
әр жұмысты орындау нәтижесін белгілеп отырамын.Оқушылардың нәтижелерін белгілеу
мұғалімге бірден қандай тақырып жете меңгерілмегенін, қандай қателер жиі кездесетінін , қай
оқушыға қандай көмек керек екенін көруге мүмкіндік береді, яғни әр оқушының жетістіктерінің
өзгеруін бақылап отыруға көмектеседі.
Қорыта келгенде осы жаңа технологиядан жеткен жетістігім оқушылар өздігінен білім алуға,
шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағыт ала-алады. Сөздік қорларын молайтуға
ойын, сөзін тиянақты жеткізуге, жинақы, дұрыс сөйлеуге, берілген сұрақтарды нақты, толық
жауап беруге дағдыланады. Мұғалім сабаққа дейін жұмыс жасаса, ал сабақ кезінде оқушыларға
тек бағыт- бағдар беруші ғана бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |