тақырыптарды айқындап береді.
•
шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің
жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін,
кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;
•
мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай
өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құру;
•
талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану
(күнделік,
портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);
•
ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;
•
ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай
отырып, сабақтастықты сақтай отырып, жүйелі талдау жүргізу
ұсынылады.
Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау
парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау
нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады. Бұл мұғалім
әрекетінің тиімділігін, оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау мұғалімнің өз
шешіміне қарай жүзеге асырылатынын және есеп беру құжаттарын
толтыруды қажет етпейтінін атап көрсетуге болады.
Сондықтан қалыптастырушы бағалау үдерісін жүзеге асыру үшін
мұғалім:
•
сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету
дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;
•
қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін
және сапасын арттыруы;
•
кері байланыстың тиімді формасын қолдануы;
•
қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ
жоспарын құруы;
•
рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы
(
білім алушылар жұмысының сапасы, бағалау құралдарының сапасы,
білім алушылардан, әріптестерден, кері байланыс, ата-аналармен
әңгімелесу және т.б.)
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: