Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет134/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   211
Терминдер сөздігі
Автоклав –  құрал-саймандарды  ыстық  бу  мен  жоғары  қысым  арқылы
стерилдейтін қондырғы.
Адвентивтік  бүршік (лат. аdventicius – келімсек, бөтен, бөгде) – қосалқы
бүршік. Əдеттегідей  өсу  нүктесінің  ұлпаларынан емес, олардан  өзгеше  ұлпалардан
пайда болады.
Ақуыздар – амин  қышқылдарының  қалдықтарынан  тұратын  жоғары
молекулалы  биологиялық  полимерлер. Ағзадағы  барлық  дерлік  биологиялық
қызметтерге қатысады.
Ақуыздың  бірінші  реттілік  құрылымы – ақуыздың  бірінші  реттік
құрылымында  амин  қышқылдары  ретімен  бір-бірімен  ұзын  тізбек  құрып
орналасады. Қандай  да  бір  ақуыздың  бірінші  реттік  құрылымындағы  амин
қышқылдарының ретімен орналасуы, басқа ақуыз молекуласында қайталанбайды.
Ақуыздың  екінші  реттік  құрылымы – полипептид  тізбегінің  оралып,
шумақталып, сприаль  немесе  белгілі  бір  конформация  түзу  тəсілі. Бұл  полипептид
тізбегінің жəне бөліктерінің арасында сутектік байланыстардың түзілуі нəтижесінде
пайда  болады. Екінші  деңгейдегі  құрылымды  сутектік  байланыстар  қамтамасыз
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет