Ақуыздың үшінші реттік құрылымы – ең күрделі құрылым. Үшінші реттік
құрылым екі пішінді болады. Глобулярлы жəне фибриллярлы. Үшінші реттік
қүрылым түзілуі кезінде амин қышқылдарының гидрофобты радикалдары ақуыз
молекуласының ішіне қарай жымырылып, ал гидрофильді радикалдары сыртқы
бетіне орналасады. Үшінші реттік құрылым түзу кезінде ақуыз молекуласы оралып
шиыршықталып, жинақталады.
Ақуыздың төртінші реттік құрылымы – бұл құрылым бірнеше
полипептидтік тізбектен тұрады жəне ақуыз молекуласына тəн əрбір полпептидтік
тізбектің 1,2,3 деңгейдегі құрылымы бар. Төртінші реттік құрылым гемоглобинге
тəн, ол 4 полипептид тізбегінен жəне 4 геннен тұрады.
Аллель (гр. аllelon – бір-бірін, өзара ағ. аllelе) – геннің бірнеше баламалы
формаларының бір түрі.
Альбинизм (лат. аlbus – ақ ағ. albinism) – организмнің өзіне тəн пигментінен
айырылуы, ақ түсті ағзаның пайда болуы.
Амфидиплоид (гр. аmphi – айнала, жанында; diploos – қос; eidos – түр, ағ.
amphidiploid) – түраралық будандастыру нəтижесінде екі диплоидтық хромосомалар
жиынтығы қосылады да (2n × 2=4n), будан организм (жасуша) пайда болады. Оны
аллотетраплоид деп те атайды, себебі хромосомалардың диплоидтық екі жиынтығы
да екі бөтен түрлерден дарыған.