Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет10/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

    Бұл бет үшін навигация:
  • Спорт
Дене  жаттығулары  -  бұл  дене  тәрбиесі  міндеттерін  шешу  құралдары 
ретінде  іріктеліп  алынған  қозғалыстар,  қимыл-қозғалыс  әрекеттері,  сондай-ақ 
қозғалыстық әрекеттердің күрделі түрлері (қозғалысты ойындар). Қозғалыстық 
әрекет  деп  адамның  қозғалыс  аппаратының  белсенділігі  ӛзіне  тән  компонент 
болып  табылатын  әрекеттің  бәрін  айтады.  «Жаттығу»  термині  қозғалысты 
бірнеше рет қайталау процесін белгілу үшін де қолданылады. 
Спорт  -  әртүрлі  жаттығулардың  кӛмегімен  жоғары  жетістіктерге  қол 
жеткізуге  бағытталған  ӛнер  түрі.  Спорт  -  (ағылшын  тілінде-«ойын»,  «кӛңіл 
кӛтеру»)  шынықтыру  жаттығуларын  қолдануға  негізделген,  әлеуметтік  мәні 
бар  тәрбиелік,  ойындық,  жарыстық  әрекет.  Спорт,  бұқаралық  спорт  (барлық 
адамдар  қатыса  алады)  және  жоғары  кӛрсеткіштер  спорты  (чемпионаттар, 
олимпиадалар  т.б.)  деп  бӛлінеді.  Спорттық  дайындық-спортшының 
машықтануы,  оның  жарысқа  қатысуын  қамтитын,  машықтану  және  жарыс 
жүйесін  ғылыми  әдістемелік  және  материалдық  тәсілдік  жағынан  қамтамасыз 
ететін,  оқу  мен  спортты,  жарыс  пен  демалысты  үйлестіру  үшін  қажетті 
жағдайлар  жасайтын  кӛп  жақты  жүйе.  Спорттық  машықтану  -  спорттық 
дайындықтың  негізгі  бӛлігі  және  спортшының  ӛзі  таңдаған  спортында 
барынша  жоғары  кӛрсеткіштерге  жетуге  ықпал  ететін    қасиеттер  мен 
қабілеттерді  дамыту әрі жетілдіру мақсатында  дене жаттығуларын қолдануға 
негізделген  дене  тәрбиесі    мамандығының  арнайы  жүйесі  (дене  машықтығы 
ұғымымен    бірге  алып  қарауға  болады).  Спорттық  нәтиже  -  спорттағы 
кӛрсеткіштердің  сандық  және  сапалық  деңгейі.  Спорттық  жарыс  -  спорттық 
жетістіктер  кӛрсету,  салыстыру  және  бағалау,  спорт  саласындағы  бәсекені 
белгілі  бір  түрде  реттеп  отыру.  Спорттық  жарыстардың  мақсаты  үздік 
спортшылар  мен  топтарды  анықтау,  жалпы  спорттық  шеберлікті  жетілдіру, 
дене  шынықтыру  мен  спортты  насихаттау.  Спорттық  қозғалыс  -  әлеуметтік 
қозғалыстың  ерекше  бір  түрі  -  спорт  түрлерін  құру,  дамыту,  сақтау,  алмасу 
және  тұтыну  жүйелерінің  тарихи  қозғалысы,  жеке  адамды  қалыптастыру 
құралдарының  бірі.  Тарихи  спорттық  қозғалыстар  спорттың  тӛмендегідей 
кӛпшілік (халықтық), резервтегі (негізгі), жоғары жетістіктер (үлкен), әуесқой 
және кәсіпқой түрлерін дүниеге әкелді. 
 Спорттық 
қызмет  -  адам 
әрекетінің кӛп қырлы белсенді жүйесі ретіндегі қимыл-қозғалыс дамуының ең 
жоғары түрі. Спорттың функциялары, біріншіден - спорт ӛз алдында тәрбиелік 
жағынан  дұрыс  ықпалын  тигізумен  қатар,  қоғам  ӛміріне  дайындаушылық 
міндеттерді шеше отырып, қызмет етеді. Екіншіден, спорт ӛндірістік қызметке 
жатпайды, материалдық игіліктерді тікелей ӛндіруге байланысы жоқ. Спортқа 
тән барлық белгілер балалар спортында да сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет