26
Зертханалық эксперимент. Жасанды жағдай туғызудан және жанама
әсерлерді жоюдан тұрады.
Эксперименттер белгілі бір фактілерді немесе олардың тәуелділіктерін
анықтау
мақсатында
жүргізіледі.
Кейбір
эксперименттер
қайсыбір
кӛрсеткіштерді салыстыруға бағытталады. Мұндай эксперимент-салыстармалы
эксперимент деп аталады. Эксперимент жүргізер алдында міндеттерді анықтау
және зерттеулердің жоспарын жасау, жұмыс жорамалын қалыптастыру,
эксперименттік сабақтардың әдістемесін, фактілерді тізімге алу және оларды
ӛңдеу әдістемесін жасау қажет. Салыстырмалы экспериментте екі немесе
бірнеше біртекті топтар қатысады. Олардағы сабақтар қандай да бір фактормен
ерекшеленеді. Эксперимент соңында қандай топта, мәселен, қозғалыс
дағдыларын қалыптастыру жӛнінде, неғұрлым жоғары кӛрсеткіштерге қол
жеткені анықталады. Экспериментті сабақтар ӛткізілетін топ эксперименттік
топ деп аталады. Әдеттегі әдістеме бойынша айналысатын топты бақылау тобы
деп атайды. Эксперимент нәтежелерінің неғұрлым дұрыс болуы үшін айқыш-
ұйқышты эксперимент деп аталатын сызба қолданылады. Мысалы алғашқы
экспериментте бір топ бірінші әдістеме бойынша, ал басқа топ екінші әдістеме
бойынша айналысады. Екінші экспериментте бірінші топ екінші, ал екінші топ
бірінші әдістеме бойынша айналысады.Үш және одан да кӛп нұсқалар
(варианттар) тиімділігі салыстырылатын зерттеулерде эксперименттер үш және
одан да кӛп кезеңде ӛткізіледі де нұсқалардың біреуінің артықтығы
анықталады. Егер бірден бірнеше фактордың әсерін анықтау міндеті қойылатын
болса, кӛп факторлы эксперимент деп аталатын сызба пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: