5.5. Дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты ӛмір салтын орнықтыру 5.5.1. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың денсаулық
жағдайын жақсарту мақсатында:
мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі даярлығы жӛнінде
ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу;
5-сыныптан бастап қыздар мен ұлдарды бӛлек оқыта отырып, барлық
жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінен аптасына үш сабаққа кӛшу
мүмкіндігін қарау;
денсаулық жағдайына байланысты арнайы медициналық топтарға
жатқызылған балаларға дене тәрбиесі жӛнінде жағдай жасау мен сабақтар
ӛткізуге баса назар аудару;
балалар мен жасӛспірімдер спорт клубтарын құру арқылы жалпы білім
беретін мектептерде дене тәрбиесі сабақтарының мазмұнын толықтыратын дене
шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс нысандарын жетілдіру;
345
жалпы білім беретін мектептерге спорт түрлері бойынша оқыту күні
ұзартылған және оқу-жаттығу процесі тереңдетілген мамандандырылған
сыныптар ашуды ұсыну қажет.