Бір жастағы сәбилердің дене жаттығуларымен шұғылдануын ӛткізудегі әдістемелік ұсыныстар: -баланы етбетінен жиі жатқызу керек ("арқаны жоғары қарата, әдеттегі
жағдайға қарама-қайшы, қорғаныссыз қалып";
-еңбектеу үшін қауіпсіз және гигиеналық жағдайларды жасау (жол немесе еден,
табиғи жамылғы, бірақ ӛте түкті, қылшықты болмасын);
-баланы қолдан ұстап тік қалыпта жиі, бірақ аз ғана уақыт ұстау маңызды (арқа
мен мойын еттерін нығайту үшін).
-кӛрінетін және жететіндей жерге, ӛзі қозғалуға жағдай туғызу үшін,
ойыншықтарды ілу және кою. Баланың алдына бір зат қойып, осы нысанаға
жетуге оны қолдай, оған бірінші жетуге мүмкіндік жасаңыз. Мысалы, бала
затқа жорғалап жетіп, оған бірінші болып қол тигізсін. Ата-аналарға тән
қателік - бала жорғалайды, ойыншықты ұстағысы келеді, ал ата-аналар соңғы
сәтте ойыншықты қайсыбір аралыққа қашықтатып қояды. Бала тағы да
еңбектеп жеткенмен, ойыншықты кейін ысырады. Бұл соншалықты азапты
шаруа екендігін түсінуге балаға онша кӛп уақыт кажет болмайды.
Жаттығуды тамақ ішкеннен кейін 40 минут ӛткесін ғана бастау керек,
қолдардың, аяқтардың және кеуде қозғалыс-қимылдары кезектесуі тиіс. Әрбір
жаттығуға арқа мен іштің еттерін дамытуға себепші болатын жаттығулар
енгізілуі керек. Жаттығу орындау барысында айту, нұсқаулар қатар жүреді.