327
экономикалық тұрғыда зиянды екендігіне кӛздерін жеткізу.
Субъективтік-прагматикалық әдістің нақты түрлері мыналар:
1. Контрактілер, оны педагогтар мен білім алушылар жасайды,
онда екі жақтың міндеттері анық кӛрсетіледі;
2. Ӛзін-ӛзі жетілдірудің жеке карточкасын оқытушылар мен
студенттердің бірлесіп құруы;
3. Қызығушылық бойынша сараланған топтар құру, онда білім
алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақылы да
болуы мүмкін;
4. Мониторинг – білім алушылардың іс-әрекетін, дамуын т.б.
үздіксіз бақылау, сол арқылы жеке дамуының бағытын, «тағдыр
сценарийін» т.б. анықтау;
5. Тестілер арқылы тәрбиелік, әлеуметтік дамуын, бағытын,
азаматтық кӛзқарасын анықтау, алынған нәтижені сайыстар, іскерлік
ойындар, жарыстар, байқаулар, т.б. арқылы тексеріп отыру;
6. Айыппұл салу арқылы жазалауды, яғни теріс іс-әрекетін
ақшалай ӛтету, құқық және ерік ауқымын азайту т.б.
Жарыс – іс-әрекетті ынталандыру әдісі болы табылады. Жарыс
– адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде білім
алушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс.
Жарыс әдісі – ӛз нәтижесін басқалардың нәтижелерімен салыстыра
отырып тұлға қасиеттерін калыптастыру және бекіту жолы.
Жарысты
ұйымдастыру
барысында
білім
алушылардың
психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда
мына жағдайларды ескеру кажет: 1) жарысты белгілі максатқа орай
ұйымдастыра білу; 2) жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын
анықтау.
Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу – ӛзінде белгілі бір қасиеттерді дамытуға
бағытталған адамның саналы іс-әрекеті. Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу –
тұлғаның ӛзінде меншікті құлықтық (адамгершілік) қасиеттерді
қалыптастыруға бағытталған саналы іс-әрекет. Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу
процесінің кезеңдері – мақсатты анықтау, белгіленген жұмысты
орындау, жұмыс қорытындыларын жинақтау. Қайта тәрбиелеу –
этикалық нормаларға қарама-қайшы келетін кӛзқарастар мен мінез-
құлық түрлерін игерту.
Достарыңызбен бөлісу: