Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


 Тәрбие теориясы мен әдістерінің мәселелері



Pdf көрінісі
бет183/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

3. Тәрбие теориясы мен әдістерінің мәселелері  
Бүгінгі  таңдағы  тәрбиелеу  теориясының  кӛкейкесті  мәселелері 
ретінде  мыналарды  атауға  болады:  қазіргі  тәрбие  жұмысының 
мақсаттары  мен  міндеттерін  анықтау;  тәрбиенің  объективті 
заңдылықтарын  анықтау  және  оның  негізде  педагогикалық 
практиканы  жетілдіру;  қазіргі  жағдайдағы  тәрбие  жұмысының 
мазмұнын,  әдістерін  және  формаларын  анықтау;  тәрбие 
теориясының  басқа  ғылымдар  салаларымен  пәнаралық  ӛзара 
әрекетін 
тереңдету; 
ізгіліктік 
тәрбиенің 
педагогикалық 
технологияларын  жасау  және  тәрбиелеу  практикасына  енгізу; 
тәрбиелік  жұмыстың  озық  педагогикалық  тәжірибесін  жалпылау 
және тарату, т.б.    
Тәрбие  теориясының  сұрақтарын  меңгеру  әдетте  қиын  болып 
келеді. Негізгі міндет – осы сұрақтарды оқытудың ғылыми деңгейін 
сақтай  отырып,  оны  меңгерудің  тиімді  жолдарын  табу.  Ол  үшін 


 
320 
оқытуға  және  меңгеруге  қажетті  сұрақтар  шеңберін,  құрылған 
жоспар бойынша жүру, түрлі әдіс-тәсіл мен құралдарды пайдалану 
керек. 
Оқулықтарды,  оқытушылардың  тәжірибелерін  зерттей  келе 
мынадай негізгі тақырыптар мен сұрақтар таңдалады: 
-тәрбие теориясының пәнінің анықталуы; 
-тәрбие 
теориясының  мәнін,  оның  заңдылықтары  мен 
принциптерін ашу; 
-тәрбие  әдістерін  жекелеп  оқыту,  олардың  тәрбие  процесінде 
қолданылуы. 
Тәрбие  теориясы  педагогиканың  бір  саласы.  Ол  тәрбие 
үрдісінің  мәнін,  оның  заңдылықтары  мен  принциптерін  зерттейді, 
жас ұрпақты тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін белгілейді. 
Тәрбие  процесі  –  бұл  арнайы  ұйымдастырылған  іс-әрекет. 
Тәрбие теориясында оқыту процесінде тәрбиелеумен қатар, оқудан 
тыс кезеңдегі тәрбиеге де кӛп кӛңіл бӛлінеді. 
Тәрбие  теориясындағы  тәрбие  процесін  зерттеуге  ең  алғаш 
кӛңіл  бӛлген  Н.К.Крупская.  Ол  «Тәрбие»  ұғымының  кең  және  тар 
мағынасын  ұсынған.  Тар  мағынасындағы  тәрбие  –  бұл,  «білім 
алушылар  және  жасӛспірімдер  әрекетіне  ересек  адамдардың 
жоспарланған, жүйелі ықпал етуі». Осы идеяларды дамыта отырып, 
А.С.Макаренко  теорияға    «тәрбие  үрдісі»  ұғымын  енгізеді.  Оның 
сипаттамаларын белгілейді. 
1.Тәрбиенің іс-әрекеттік сипатта болуы. 
2.Тәрбиенің дамуы мен ӛзгеруі. 
3.Қарам-қайшылықты сипаты. 
4.Басқарылуы. 
Тәрбиенің жалпы әдістері 
Әдіс дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, 
тәсілі,  айласы.  Тәрбиелеу  әдістері  –  тәрбиелеушілер  мен 
тәрбиеленушілердің  ӛзара  байланыстағы  іс-әрекетінің  тәсілдері. 
Бұл іс-әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталған. 
Тәрбие  тәсілі,  амалы  –  жалпы  әдістің  бӛлігі,  жеке  дара  әрекет 
(әсер  ету),  нақты  жақсарту.  Тәсілдер,  әдетте,  әдістерді  белгілі  бір 
жағдайларда  нақты  пайдалануды  қамтамасыз  етеді.  Мысалы, 
мадақтау  тәсілдері  –  мақұлдау,  мақтау,  сыйлық  беру;  сендіру, 
нандыру  тәсілдері  –  иландыру,  түсіндіру,  баяндамалар;  жазалау 
тәсілдері – ескерту, айыптау, сӛгіс, т.б. 


 
321 
Тәрбие  кұралдары  –  іс-әрекеттің  түрлері,  кӛрнекі  құралдар, 
кӛптеген  коммуникация  кұралдары,  педагогикалық  ықпал  жасау 
құралдары (педагог, ата-ана, ересек адамдардың сӛзі, олардың ӛнегесі 
т.б.)  жатады.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуын  басқаруды  қамтамасыз 
ету  –  тәрбиенің  негізгі  құралдарын  толық  және  тиімді  пайдалану, 
яғни тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар 
емес,  керісінше,  олардың  үйлесімді  құрылған  жүйесі  екенін 
практика  кӛрсетіп  отыр.  Тәрбие  құралдары  –  бұл  тәрбиелеу 
тәсілдерінің жиынтығы. Мысалы, еңбек – тәрбие құралы, ал еңбекті 
кӛрсету, бағалау, жұмыстағы қателіктерді кӛрсету – тәсілдер болады. 
Әдістердің  жіктелуі  –  бұл  анықталған  белгілерге  қарай 
құрылған  әдістер  жүйесі.  Жіктеуге  сүйене  отырып,  педагог  тек 
әдістер  жүйесін  анық  кӛріп,  танып  қоймай,  ол  әр  түрлі  әдістердің 
ӛзіне тән белгілерін, орнын жақсы түсінеді. 
Кез-келген  әдістің  жіктелуі  олардың  жалпы  негіздері  мен 
белгілерін  анықтаудан  басталады.  Қазіргі  педагогикада  ондаған 
жіктеме белгілі, себебі әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі 
әлі анық емес. 
Қазіргі  кезде  жіктелудің  негізіне  кіріктіруге  бағдарлы 
сипаттама  алынуда.  Ол  ӛзіне  тәрбиелеу  әдісінің  мақсаттық, 
мазмұндық  және  процессуалдық  жақтарын  бірлікте  енгізеді. 
Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бӛлуге болады: 
1. Тұлғаның санасын (ұғымын, түсінігін, пікірін, нанымын, баға 
беру)  қальптгастыру  әдістері  –  баяндау,  түсіндіру,  дәріс,  иландыру, 
пікірталас, ӛнеге, баяндама, әңгіме; 
2.  Іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  және  қоғамдық  мінез-құлық 
тәжірибесін  (іскерлік,  дағды,  әдет,  ерік,  мінез)  қалыптастыру 
әдістері  –  жаттығу,  үйрету,  педагогикалық  талап,  коғамдык  пікір, 
тапсырма, тәрбиелеушілік жағдаяттар. 
3.  Іс-әрекетті  және  мінез-құлықты  ынталандыру  әдістері  – 
жарыс, мадақтау, жазалау. 
Тәжірибеде  үнемі  тұратын  міндет  –  әдістің  біреуін  ғана 
қолданбай,  тиімдісін,  нәтижелі  болатынын  таңдау.  Тиімді  әдіс 
ретінде  қойылған  мақсатқа  кӛп  күш-қуат  жұмсамай  жетуге 
мүмкіндік беретін неғұрлым пайдалы жолды атаймыз. 
Тәрбиелеу  әдісін  таңдауды  анықтайтын  жалпы  жағдайлар: 
тәрбиенің мақсаттары және міндеттері, мазмұны; тәрбиеленушілердің 
жастық 
ерекшеліктері; 
ұжымның 
қалыптасқан 
деңгейі; 
тәрбиеленушінің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері; тәрбиелеудің 


 
322 
жағдайы; оқытушының педагогикалық шеберлігінін деңгейі; тәрбиелеу 
уақыты; күтілетін нәтиже, қорытындылар.  
Тәрбиелік  жағдайлар  туғызу  –  мінез-құлық  нормалары  мен 
ережелеріне 
сәйкес 
тәрбиеленушінің 
әртүрлі 
іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу әдісі.  
Тәрбие  құралдары  –  тәрбие  іс-әрекетін  жүзеге  асыруға 
кӛмектесетін заттар. Тәрбие тәсілдері – жалпы әдістің бӛлігі.  
Еліктеуге негізделген тәрбие әдісі – оң үлгі-ӛнеге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет