66
теориялық және тәжірибелік білім мен оларды қолдана білу
іскерліктерінің кешені жӛнінде сӛз болады. Ал, қандай да бір жеке
пәнді оқып-үйренуде оқушының меңгеретін білім қоры мен оған
сәйкес іскерлік пен дағдылар туралы айтқанда, білім тар шеңберде
қолданылады. Тар шеңбердегі білім - оқу материалының ұғымдық-
деректік құраушысы, оған нақты ӛзара байланысты деректер,
теориялық материалдар, терминдер, әрекет тәсілдері туралы білім
жатады. Бiлiм
- шындықты ӛзгертудiң маңызды құралы бола
отырып, ӛсуi жағынан қазiргi уақытта кез-келген басқа жүйенiң
ӛсуiн басып озатын, динамикалық жүйе.
«Білім беру» ұғымын зерттеуге әр түрлi кӛзқарастар
қалыптасқан. Кейбiр ғалымдар білім беруді екi жақты үдеріс –
сабақ беру және оқу үдерісі, яғни оқытушы мен білім алушының
бiрлескен
әрекетi
ретiнде
анықтайды.
Ол
оқытушының
басшылығымен ғылыми бiлiмдер, дағдылар, iскерлiктердiң белгiлi
бiр жүйесiн меңгеруге бағытталған. Білім беру үдерісi бiлiм,
iскерлiк және дағды жүйесiн саналы, берiк меңгеруге бағытталған
және педагог кӛмегiмен басқарылатын білім алушылардың дәйектi
амал-әрекеттерiнiң жиынтығын бередi. Оның барысында танымдық
күштерi дамиды, ақыл- ой және дене еңбегi мәдениетiнiң
элементтерiн игередi. Оқытушы мен білім алушының, әлеуметтiк
тәжiрибе мазмұнының қандай да бiр бӛлiгiн білім алушының
меңгеруi мақсатындағы ӛзара әсерлесуi.
Жалпы білім берудің келесі
мазмҧндық қырларын бӛліп
кӛрсетуге болады:
-
білім беру қҧндылық ретінде;
-
білім беру әлеуметтік- мәдени қҧбылыс ретінде,
-
білім беру жҥйе ретінде;
-
білім беру ҥрдіс және нәтиже ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: