Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет26/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

Адам  -  қоғамның  ең  жоғары  қҧндылығы  және  қоғамдық 
дамудың  мақсаты  ретінде  алынады.  Құндылықтар  (ӛмір, 
денсаулық,  махаббат,  білім,  еңбек  ету,  бейбітшік,  әдемілік, 
шығармашылық)  адамдарды  қай  кезеңде  де  алаңдатты  және  олар 
тұрақты.  Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  мазмұны  гуманистік 
бастамалар,  адам  тұлғасының  ӛзіндік  құндылығын  бекіту,  оның 
құқығын, еркіндігін құрметтеуді қоғамдық ӛмірге сырттан енгізуге 
болмайды.  Оны  кейін  қалдыруға  да  болмайды.  Әлеуметтік  даму 
процесі, осы бастамалардың даму процесі.  


 
67 
Ал, адам санасындағы құндылыққа – қоғамдық ой, мақсат, баға 
беру, түрлі нормалар жатады.   
1.  Жалпы  адамзаттық  құндылықтар:  адам  ӛмірі,  бостандық, 
отбасы,  адам  бақыты,  ұрпақ  жалғастыру,  еңбек  ету,  табыс, 
ынтымақтастық, белсенділік, мәдениет, денсаулық, заңдылық. 
2.  Рухани-адамгершілік,  ұлттық  құндылықтар:  мәдениет, 
әдебиет,  тарих,  тіл,  дін,  діл,  ар,  ұят,  намыс,  абырой,  дәстүр,  әдет-
ғұрып,  салт,  ұлттық  дүниетаным,  туыстық  қатынастар,  Отан,  Ана, 
Жер т.б. 
Сондықтан,  педагогика  «құндылық»  ұғымын  адамның  жан-
жақты жетілуіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы қасиеттердің 
жиынтығын 
құрайтын 
педагогикалық 
категория 
ретінде 
қарастырады.  Себебі,  тәрбие  қызметі  ең  маңызды,  ең  қажетті 
сапаларды тұлға бойында қалыптастыруды кӛздейді. Құндылықтың 
адам үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ұғыну үшін оның мәнін 
жан-жақты деңгейде қарастыру қажет.  
Білім  беру  әлеуметтік-  мәдени  қҧбылыс  ретінде  келесі 
әлеуметтік мәдени қызметтерді атқарады: 

 
Тұлғаны  әртүрлі  қоғамдық,  ӛмірлік  қызметтерге  дайындау  
және қосу; 

 
Адамды ӛмірге және мәдениетке араластыру; 

 
Тұлғаны әлеуметтендіру; 

 
Адамның  қоғамдық  және  жеке  ӛмірін  қалыптастыру 
механизмі; 

 
Аймақтық жүйелі дамыту және ұлттық дәстүрді сақтау; 

 
Мәдени  құндылықты  және  қоғамның  даму  мақсаттарын 
жеткізу  немесе іске асыру. 
Әлеуметтендiру  -  адамның  қоғам  ӛмiрiне  бiр  қалыпты  енуiн, 
әлеуметтiк  тәжiрибенi  индивидтың  меңгеруi  және  қайта  ӛңдеуiн 
қамтамасыз ету.  Әлеуметтендiру бiрлескен әрекет және белгiлi бiр 
мәдени ортада қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асырылады. 
Әлеуметтiк  позиция,  ӛзiндiк  сана  дүниетанымдық  құндылық-
мәндiлiк  негiзi  және  жеке  сананың  басқа  да  компоненттерi  оның 
мазмұны.  Тұлға  ӛзiн  әлеуметтiк  тәжiрибеден  алады,  оны 
қаншалықты  алады  және  бұл  алғандарын  психика  қалай  сапалық 
жағынан қайта ӛңдей алады, оған қандай мән-мағына бередi, мiне, 
осыларды  кӛрсетедi.  Әлеуметтендiру  тұлға  үшiн  тиiмдi  жүзеге 
асуы,  бiлiм  беру  оған  ӛмiр,  шығармашылық,  рефлексия,  ӛзiнiң 


 
68 
даралығын  сақтау  сияқты  бейiмделу  механизмдерiн  қалауы  болып 
табылады; 
Білім  беру  жҥйе  ретінде  педагогикалық  құбылыстардың 
диалектикалық  табиғатына  және  оның  тұтастық  сипатына  сәйкес 
педагогикалық  жүйелердің  құрамы  қызмет  етуі  мен  дамуына 
қажетті  және  жеткілікті  компоненттері  мен  олардың  ӛзара 
байланыстарынан  тұрады.  «Жүйе»  –  жалпы  мақсаттардың 
бірігуімен  ӛзара  байланыстан  элементтер.  Жүйенің  негізгі 
сипаттарының бірі – оның тұтастығы, сонымен қатар, тұтастық тек 
жүйенің  ӛзінің  қасиеті  ретінде  ғана  емес,  оны  ӛз  элементтеріне 
қосылмайтын  және  сыртқы  ортаға  қарсы  тұратын  ішкі  тұтастық 
ретінде 
зерттеу 
тәсілі 
болып 
қарастырылады. 
Сонымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет