171
практикалық
жағын
ұштастырып,
ғылыми-педагогикалық
зерттеулердің негізгі әдістерін меңгеруі ӛте маңызды.
Студенттердің
ӛздігінен
орындайтын
жұмысқа
дағдыландырылғаның кӛрсететін СӚЖ-дың келесі күрделі түрі
курстық жұмыс.
Курстық жҧмыс (Сourse work) – жекелеген оқу
пәндерінен студенттің белгілі бір тақырып бойынша танымдық
қабілеттерін дамытатын ӛздігінен орындайтын шығармашылық
ғылыми-зерттеу жұмысы «Курстық» деп атауы нақты бір курсқа
байланысты білім алу дегенді білдіреді. Курстық жұмыстар әртүрлі
пәндерден жазылып, білім алушылардың білімі, білігі мен
дағдылары бағаланады.
Курстық жұмыс1 жыл ішінде немесе бір семестр ішінде
орындалады. Оқу жоспары бойынша кейбір факультеттерде
курстық жұмысты педагогикадан жазу қарастырылған.
Курстық жұмысты орындау зерттеу әдістері мен формаларын
меңгеру,
педагогикалық
әрекетке
қызығушылығын
ояту,
педагогикалық
үрдісті
кӛру
және
талдау
қабілеттерін
қалыптастырады.
Курстық жұмыстың тапсырмалары:
- студенттердің психологиялық және педагогикалық мәселелері
бойынша білімінің кеңеюі;
- студенттің
педагогикалық
тапсырмаларды
шешуге
шығармашылық дағдының қалыптасуы, оқу орыны сараманындағы
және ӛзінің жұмыс қорытындыларын бағалау қабілеттігі;
- студенттің теориялық білімдерін практикада қолдана алуы,
алдыңғы педагогикалық тәжірибені талдау, педагогикалық
практикадағы
жеке
тәжірибесі
педагогикалық
үрдістегі
заңдылықтары мен негіздері орын алып отырады.
Курстық
жұмыс
психологиялық-педагогикалық
және
әдістемелік
мәселелер
бойынша
білімді
жүйелеуге,
қорытындылауға, кеңейтуге кӛмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: