8.5 Қызметкерлер
Бағалаушы материалдарды (емтихан материалдарын) құрастыруға
тартылған қызметкерлердің негізгі құрамы мынадай:
Пән маманы: пән бойынша кәсіби білімі мен дағдысы бар,
өз пәні бойынша барлық сыныптар үшін бағалауды құрастыру үдерісіне
жауап беретін, бағалаушы ұйымның құрамындағы тұрақты қызметкер.
Сұрақтарды
құрастырушылар:
сұрақ
кітапшасын
құрастырушылар.
Редакторлар: сұрақ кітапшасын (жауап парағын) немесе
сұрақтарды қайта қарап, олардың оқушыларға түсінікті және екіұшты
жауап болмауына кепілдік үшін өзгерту туралы ұсыныстар енгізетін
пән мамандары.
Сарапшылар: пән бойынша мазмұнының спецификацияға
сәйкестігі мен баспа қателерін немесе қарама-қайшылықтарды
тексеретін сарапшылар.
Аудармашылар: жұмыстың логикалылығын тексере алатын,
үш тілдің (үштілділік саясатына сәйкес) екеуінен білімі бар кеңесшілер.
Достарыңызбен бөлісу: |