16
16
Бағалау үдерісі оқушылардың жұмыстары мен жауаптарын
қарастыру мен талқылаудан басталып, одан кейін Емтихан алушылар
топтары жетекшілерінің (бұдан әрі – Топ жетекшілері) Аттестаттау
комиссиясының төрағасы/төрайымымен оқушы жауаптары мен
үлгілерді стандарттау бойынша кездесуі ұйымдастырылады. Бұл
барлық емтихан алушылардың баға қою және оны қолдану схемасын
бірдей түсінетіндігіне кепіл бола алады. Стандарттау бойынша
кездесуден кейін Топ жетекшілері барлық емтихан алушылардан
оқушылардың жұмыстарының үлгілерін жинап алып, оларды тексереді,
ал Емтихан алушылардың топ жетекшілерінің жұмысын Аттестаттау
комиссиясының төрағасы тексереді.
Осы тәртіппен емтихан алушылар кері байланыс алады, егер
қандай да бір дау туғызатын жағдайлар болса, онда осыған дейін
бағаланған жұмыстар қайта тексеріледі және бағалары түзетіледі.
Зияткерлік мектептердегі емтихандардың нәтижелерін бағалау
ПӨО базасында Халықаралық білім беру сұрақтары бойынша
Кембридж бағалау кеңесінің халықаралық сарапшыларымен кеңесіп
өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: