Қарлұқ қағанаты (756—940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы
деректер V ғасырда олардың тирек тайпаларының құрамында
болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй əуле-
тінің тарихында” 581—618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар
өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ
тайпаларының əуелгі орналасқан аймағы — Батыс Алтай мен
Тарбағатай арасындағы өлке.
VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш
тайпа — бұлақ, шігіл жəне ташлық кірген. Əмудариядан бастап
Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың
біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу
аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы — Баласағұн
қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында,
Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген.
Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы
Қойлық қаласы болды.
ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарла-
ды. Себебі, Орта Азиядан саманидтер əулеті мен арабтардың ша-
буылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ қағандығының
арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған
күрес басталды. 893 жылы Тараз қаласына Саманидтердің
тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Та-
раз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе ба-
стады. Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі
қырқыс, талас-тартыстардың нəтижесінде əлсіреді. Осы жағдайды
пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы
Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті
құлап, Шу аңғарында Қарахандар əулетінің үстемдігі орнайды.