Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы



Pdf көрінісі
бет17/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21082
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
Байланысты:
karazhan ks kazakstan tarikhy lektsiialar kursy

Оғыз мемлекеті (Х—ХІ ғғ.). Қарлұқ қағанатының  солтүстік-
батыс жағында, Сырдарияның орта жəне төменгі бойында, оған 
жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ—Х ғасырларда 
Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. 
Əйгілі М.Қашқаридің сөздігі “Диуани-лұғат-ат-түрік” бойынша 
Оңтүстік Қазақстанның жерінде, əсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта 
бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма, чігіл, имек сияқты түрік 
тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда 
оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмəн жоқ.  Алай-
да VІІІ ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне 
байланысты оғыздар Сырдарияның орта жəне төменгі бойына ауа 
бастаған. Сөйтіп ІХ ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының 
бірлескен одағының нəтижесінде патриархалды-феодалдық  мем-
лекет құрылады. М. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 
тайпаға бөлінгенін жазады.
Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы — Янгикент немесе 
«Жаңа гузия» деп аталатын қаласы болған. Оғыз мемлекеті өзінің 
саяси жəне əлеуметтік құрылысы жағынан көне феодалдық мемле-
кет болды.  “Жабғу” атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің 
басшысы болып саналды.  Оғыз жабғыларының орынбасарларын 
күл-еркін деп атаған. Жабғы мемлекетінде оғыз əскерлерінің бас 


40
41
қолбасшысы “сюбашы” деп аталды. Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. бас кезінде 
Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде 
жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл жағдай мемлекетте тұрақты 
басқару аппаратының құрылғандығын көрсетеді. 
Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі 
Святославпен одақтасып хазарларды жəне  князь Владимир 985 ж.  
оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды 
талқандағаны туралы айтылады. Оғыздардың жер үшін жүргізген  
ұрыстарының көп жағдайда сəтті болуы, олардың саяси беделін де 
көтере түскен. Алайда, ұзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көп 
мөлшерде алынған алым-салық оғыз тайпаларының  əр жерде бас 
көтерген наразылықтарын туғызады. Осы кезде Жент қаласының 
маңына келіп қоныстанған селжұқтар көсемі Жент қаласындағы 
оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, қаланы басып алады. 
Деректерге қарағанда селжұқтар көп ұзамай қаланы тастап шыққан. 
Осы кезде ел басына Əлиханның мұрагері Шахмəлік келіп, мемлекет 
едəуір күшейіп, 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмəлік 
көп ұзамай оғыздарға қарсы қайта көтерілген селжұқтардың 
қолынан Хорезм түбінде қаза табады. Селжұқтармен жүргізілген 
көп жылғы соғыстар оғыз мемлекетін қатты əлсіретті. Сөйтіп, ХІ 
ғ.  екінші  жартысында  күшейе  бастаған    қыпшақтар  оғыздарды 
Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір 
бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір 
бөліктері Қарахан əулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хора-
сан селжұқтарының қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың 
құрамында қалып,  олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, 
қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын 
қалыптастырушы түріктердің бірі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет