Байланысты: ЖОО-да математикалық пәндерді оқыту процесін инновациялық бағытта
Зерттеу базасы: эксперименттік зерттеу І.Жансүгіров атындағы Жетісу
университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің
базасында жүргізілді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес
эксперименттік жұмыс 2018-2021 жылдар аралығында білім беру процесінің
дағдылы жағдайында жүргізілді және үш кезеңнен тұрды.
Бірінші
кезеңде
(2018-2020жж.)
қойылған
проблеманың
түрлі
аспектілеріне арналған оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жүргізілді.
ЖОО-да математикалық пәндерді оқыту кезінде инновациялық бағытты іске
асыру ерекшеліктері талданды. Әдебиетті теориялық талдау және айқындау
эксперименті барысында алынған деректер зерттеудің мақсаттары мен
міндеттерін тұжырымдауға, жұмыс болжамын ұсынуға негіз болды.
Екінші кезеңде (2018-2019жж.) болашақ математика мұғалімдерін
даярлауда инновациялық бағытта жүйелі-әдістемелік қамтамасыздандыру
моделі құрастырылып, оны пайдалану бойынша нақты ұсыныстар жасалынды
(іздеу эксперименті).
Үшінші кезеңде (2019-2021жж.) болашақ математика мұғалімдерінің
әдістемелік дайындығына диагностикалық зерттеулер жүргізілді, математика
пәндерін
оқыту
кезінде
инновациялық
бағытта
жүйелі-әдістемелік
қамтамасыздандыру моделіне эксперимент жүргізілді және оны қолданудың
нәтижелілігі тексерілді, алынған теориялық және эксперименттік нәтижелер
өңделді және қорытылды, болашақ математика мұғалімдерін даярлаудың
әдістемелік жүйесіне түзетулер енгізілді (қалыптастыратын эксперимент).