Байланысты: akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi
§ 87. Етістіктің аналитикалық формасы етістікті сөз тіркесімен,
эсіресе оның ішінде көсемшелі сөз тіркесімен, ұқсас келеді.
Мысалы, оцып ал, біліп сіл, біле цой, түра бер тэрізді етістіктің
аналитикалық формалары мен сісыгып сөііле (у), ынтыга тыңдсі (у) тэрізді көсемшелі сөз тіркестерінің бір-бірімен ұқсастығы
байқалып тұрады. Бірақ бұл ұқсастық - сырттай ұқсастық.
Етістіктің аналитикалық формасы мен еркін сөз тіркесінің ара-
сында түбірлі айырмашылықтар бар. Ол айырмашылықтар мы
налар: 1) Сөздің аналитикалық формасы, соның ішінде етістіктің
аналитикалық формасы, бір бүтін лексикалық мағынаны білдіреді.
Ондай мағынаны білдіретін сыңар - негізгі (толык) мағыналы сөз
(негізгі етістік), ал көмекші сөздің (көмекші етістіктің) лексикалық
мағынага тікелей қатысы болмайды. Еркін сөз тіркесінің эрбір
сыңары өзінің лексикалық мағынасын, дербестігін сақтайды.
2) Сөздің аналитикалық формасының, соның ішінде етістіктің
аналитикалық формасының, құрамына енетін сыңарлардың әр-
кайсысы өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайды, мүндай қызмет-
ті сөздің аналитикалық формасы тұтасқан күйінде атқарады. Ал
еркін сөз тіркесінің эрбір сыңары өздігінен сөйлемнің дербес
мүшесі бола алады. Сөздің аналитикалық формасын қүрастыру-
шы сыңарларда мүндай синтаксистік дербестік болмайды. Осыған
орай, сездің аналитикалық формасы еркін сөз тіркесінің қүрамы-
на оның бір сыңары ретінде тұтасқан күйінде ғана ене алады.
3) Сөздің аналитикалық формасын қүрастырушы сыңарлардың
арасындағы байланыстың синтаксистік сипаты болмайды, ал
еркін сөз тіркесінің сыңарларының арасы нда синтаксистік
қатынас пен байланыс сақталады. 4) Сөздің аналитикалық
137
формасын кұрастырушы сыңарлардың әрқайсысы сөз тіркесіндегі
немесе сөйлемдегі сөздермен өздігінен, жеке дара емес, тұтаскан
күйінде байланысқа түссе, еркін сөз тіркесінің эрбір сыңары
сөйлемдегі баска сөздермен өздігінен байланыска түсе алады,
өзінше байланысу, катынасқа түсу дербестігін сақтайды.