Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  1.  Грамматика  тілдегі  грамматикалық  бірліктерді  топ-



Pdf көрінісі
бет2/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  1.  Грамматика  тілдегі  грамматикалық  бірліктерді  топ- 
тастыратын,  қатынас  жасауда  іске  жарататын,  эрі  олардың  бірі- 
бірінен жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зертгейді.
§  2.  Грамматикалық  негізгі  бірліктер  -   м орфема,  сөз,  сөз 
тіркесі жэне сөйлем.
Морфема  сөз  құрамында  қолданылып,  белгілі  бір  мағынаны 
білдіреді.  Ол  -   сөздің  ары  қарай  бөлшектенбейтін,  ең  кіші 
мағыналық  бөлшегі.  Сөз  -   морфемалардан  құралып,  заттарды, 
құбылыстарды,  іс-эрекетті,  сапа-белгіні,  олардың  бір-біріне  қа- 
тысын белгілейтін, даралық қасиетке ие болатын, басқа сөздермен 
сан  алуан  қарым-қатынасқа,  байланысқа  түсетін жэне  дыбысталу 
мен мағынаның бірлігінен тұратын бірлік. Сөз тіркесі -  кемінде екі 
дербес  сөздің  емін-еркін  тіркесінен  жасалып,  құбылыстарды  бір- 
бірімен  байланысын,  қарым-қатысын  білдіретін  грамматикалық 
бірлік.  Сөйлем -  сөздерден  (немесе  бір  сөзден)  құралып,  біршама 
аяқталған ойды білдіретін грамматикалық бірлік.
Аталған  бірліктердің  (морфема,  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем) 
ішінде  екі  жақты  кұбылыс  ретінде  қаралатын  бірлік  -   сөз.  Сөз 
тілдің  лексикалық  жүйесінің  бірлігі  ретінде  лексикологияда  қа- 
растырылғанда,  біріншіден,  -   лексикалық  мағынасы,  мағыналық 
құрылымы  (смысловая  структура)  жағынан,  екіншіден,  -   шығу 
тегі  жағынан,  үшіншіден,  -   қолданылу  аясы  мен  шеңбері 
жағынан,  төртіншіден,  -   экспрессивті-стильдік  сипаты  жағынан 
қарастырылады.  Ал  сөз  тілдің  грамматикалық  бірлігі  ретінде 
грамматикада  қарастырылғанда,  біріншіден,  -   оның  (сөздің) 
бойында  лексикалық  мағына  мен  бірнеше  грамматикалық 
мағынаның үштасып келуі жағынан,  екіншіден, -  морфологиялық 
құрылымы  мен  құрылымдық  элементтері  жағынан,  үшіншіден,
-   формалары  жағынан,  төртіншіден,  -   лексика-грамматикалық
4


топтарға  (сөз  табына)  қатысы  жағынан,  бесіншіден,  -   сөз  тіркесі 
мен сөйлемнің құралуына қатысы және олардағы қызметі жағынан 
қарастырылады.
Грамматикалық  бірлік  ретінде  қаралатын  сөздің  басқа  барлық 
бірліктердің  ішінде алатын  орны  да,  атқаратын  қызметі  де  айрық- 
ша.  Сан  алуан  грамматикалық  құбылыстар  сөзден  тарайды  жэне 
сөзге  келіп  тірелмейтін,  оның  (сөздің)  қатысы  болмайтын  бірде- 
бір  грамматикалық  бірлік  жоқ  десе  де  болады.  Сөз,  біріншіден,
-  грамматикалық жүйенің ішінде морфемамен бірлікте болып, бұл 
бірліктер  (сөз  бен  морфема)  бір-бірімен  өзара тығыз  байланысқа, 
қарым-қатынасқа  түскен  күйінде  грамматикалық  қүрылыстың 
морфологиялық  саласын  құраса,  екіншіден,  -   сөз  тіркесі  жэне 
сөйлеммен  өзара  қарым-қатынасқа,  тығыз  байланысқа  түсіп, 
олармен бірге  грамматикалық құрылымның синтаксистік саласын 
құрайды.
Сөз де,  сөз тіркесі де сөйлем  құрауға қажетті бірліктер ретінде 
қызмет  атқарады.  Сөйлемнен  тыс,  тек  соған  керекті  құрылыс 
материалы ретінде қаралатын сөз бен сез тіркесі тілдің номинатив- 
ті  қүралдарының  қатарына  енеді.  Сөйлем  ойды  айтып  жеткізудің 
негізгі  қүралы  болып  саналады  да,  коммуникативті  қызмет 
атқарады.  Мүнан,  әрине,  сөз  бен  сөз  тіркесінің  коммуникативті 
қызметке  қатысы  жоқ деген  ұғым  тумауға тиіс.  Мүндай  қызметті 
олар  да  атқара  алады.  Бірақ  сөз  бен  сөз  тіркесі  коммуникативті 
қызметті өздігінен, жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем 
құрамында  қолданылу  арқылы  атқара  алады.  Сөз  де,  сөз  тіркесі 
де  сөйлемнің  құрамында  қолданылғанда,  оның  құрылымдық 
элементтері  ретінде қарастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет